М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Написать эссе по кащахскому языку на тему "ұлттық қолөнерді кайта жаңғытудың тиімді жолдары кандай ? "​

👇
Ответ:
vikasibarik
vikasibarik
10.10.2021

Қазақтың ұлттық қолөнерін қайта жаңғыртудың тиімді жолдары.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын. Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарымен айналысатын шеберлерімізге барынша қолдау көрсетіп, халық арасында кеңінен насихаттау керек. Осылайша біз ұлттық қолөнердің таралуына себепші бола аламыз.

4,6(35 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
чиполина2
чиполина2
10.10.2021
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.
4,4(64 оценок)
Ответ:
жания112
жания112
10.10.2021

Мен футболға қызығушылықты мектепке барғаннан кейін көп ұзамай бастадым. Бірде менің туыстарым теледидардан қандай да бір ойынды көріп жатқанын байқадым. Содан кейін мен бұл ойынның футбол деп аталатынын білген едім, бірақ мен оның ережелерін әлі білмедім және жалпы қызықтырмады. Бірақ менің туыстарым маған футбол туралы айтты, мен ережелерді білдім, кейбір командалар мен ойынның ерекшеліктері туралы білдім. Мен біраз уақыт футболды ғана қарап, оны ойнау туралы ойланбадым. Біраз уақыттан кейін мен сыртқа шығып, достарыммен сөйлестім және біз де осы керемет ойынды ойнауды шештік.Біз жақсы компанияны, сапалы допты тез тауып, көп ұзамай футболды өзіміз ойнай бастадық. Белгілі болғандай, оны ойнау көргеннен гөрі қызықты. Футболда кемелділіктің шегі жоқ екенін түсіну керек, бұл ойынды болжау қиын, командаңыздың жеңетінін немесе жеңілетінін ешқашан білмейсіз. Мұның бәрі ойынға ерекше қозғау мен қызығушылық тудырады, оны қайта-қайта келтіруге мәжбүр етеді.

4,8(23 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ