Астана – арман қала
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.
Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.
Мемлекеттердің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қактығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің кұрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды.
7-9 ғасырларды қамтиды