М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
romakereshev
romakereshev
18.09.2020 01:38 •  Қазақ тiлi

Қазақ әдебиеті пәнінен тест сұрақтары

IV нұсқа

1. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз.

A) 1802 ж.

B) 1835 ж.

C) 1892 ж.

D) 1874 ж.

E) 1904 ж.

2. С.Сейфуллиннің шын есімін табыңыз.

A) Сарыпбек.

B) Сейфқожа.

C) Сәдуақас.

D) Сейфолла.

E) Сағындық.

3. Махамбет ақынның өлеңін табыңыз.

A) «Ғылым таппай, мақтанба».

B) «Жал – құйрығы қаба деп».

C) «Жанбота».

D) «Керей қайда барасың».

E) «Қызғыш құс».

4. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.

A) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ.басы.

B) ХХ ғ.

C) XVIII-XIX ғ.

D) XVI-XVII ғ.

E) XV-XVII ғ.

5. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.

A) «Өткен күндер».

B) «Домбыра».

C) «Асау тұлпар».

D) «Маса».

E) «Шолпан».

6. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) С.Сейфуллин.

C) М.Жұмабаев.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.

7. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңы

A) Қызылорда.

B) Шымкент.

C) Орск.

D) Алматы.

E) Орынбор.

8. Дулат ақынның әкесін табыңыз.

A) Бабатай.

B) Сағынай.

C) Жиембет.

D) Еспенбет.

E) Шортанбай.

9. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.

A) Ақұштап Бақтыгереева.

B) Мұқағали Мақатаев.

C) Фариза Оңғарсынова.

D) Жұмекен Нәжімеденов.

E) Қадыр Мырзалиев.

10. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның авторы кім екенін табыңыз.

A) Қ.Аманжолов

B) Ә.Тәжібаев

C) Мұхтар Шаханов

D) Қабдөш Жұмаділов

E) Ілияс Есенберлин

11. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.

A) «Асыл шөп»

B) «Өнер-білім бар жұрттар»

C) «Қыпшақ Сейітқұл»

D) «Таза бұлақ»

E) «Кел, балалар, оқылық!»

12. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.

A) Семенов-Тян-Шанский.

B) И.Н.Березин.

C) С.Ф.Дуров.

D) Ф.М.Достоевский.

E) Г.Н.Потанин.

13. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.

A) А.Байтұрсынұлы.

B) М.Әуезов.

C) С.Сейфуллин.

D) М.Дулатов.

E) Ғ.Тоғжанов.

14. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы жазылған жылды табыңыз.

A) 1930 ж.

B) 1928 ж.

C) 1932 ж.

D) 1921 ж.

E) 1920 ж.

15. Шоқан Уәлиханов қай жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқанын көрсетіңіз.

A) 1851 ж.

B) 1850 ж.

C) 1856 ж.

D) 1853 ж.

E) 1855 ж.

16. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Әбілқайыр хан

B) Жолбарыс хан

C) Тәуке хан

D) Абылай хан

E) Жәңгір хан

17. Қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың, әдебиет теориясының негізін салушы кім екенін белгілеңіз.

A) А.Байтұрсынұлы.

B) Б.Майлин.

C) І.Жансүгіров.

D) М.Жұмабаев.

E) С.Сейфуллин.

18. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.

A) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы.

B) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.

C) Шығыс Қазақстан облысы.

D) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.

E) Алматы қаласы.

19. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.

A) «Интернатта оқып жүр»

B) «Өзен»

C) «Кел, балалар, оқылық!»

D) «Шәкірт ойы»

E) «Өнер-білім бар жұрттар»

20. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) М.Сералин.

B) Т.Жомартбаев.

C) Ж.Аймауытов.

D) С.Торайғыров.

E) С.Көбеев.

21. 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз.

A) «Айман – Шолпан»

B) «Түнгі сарын»

C) «Еңлік – Кебек»

D) «Қарақыпшақ Қобыланды»

E) «Қарагөз»

22. Шәкәрім шығармасын табыңыз.

A) "Оянған өлке".

B) "Абай жолы".

C) "Ақбілек".

D) "Қалқаман-Мамыр".

E) "Батыр Баян".

23. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.

A) Кереку.

B) Семей.

C) Ақмола.

D) Көкшетау.

E) Торғай.

24. Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді,

Аягөз, қайда барасың?

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз.

A) Абай.

B) Дулат.

C) Шернияз.

D) Жамбыл.

E) Шөже.

25. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) С.Сейфуллин.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.

👇
Ответ:
andreykakachnov
andreykakachnov
18.09.2020

10а

11е

12а

13а

14в

15с

16е

17а

18д

19с

20с

21с

22д

23е

24в

25в

Объяснение:

4,5(40 оценок)
Ответ:
maksimlimanskiy
maksimlimanskiy
18.09.2020

1 а

2 с

3 с

4 а

5 д

6 д

7 е

8 а

9 в

10 а

11 е

12 а

13 а

14 в

15 с

16 е

17 а

18 д

19 с

20 с

21 с

22 д

23 е

24 в

25 в

Объяснение:

Кіршвча іоаріов

4,7(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alensolowiewa
alensolowiewa
18.09.2020

1.Айнұр кішкентай кезінен бері мысықпен ойнағанды ұнатады. Жалғау: мысық-пен(Көмектес септігінің жалғауы)

2.Сатушы аш тышқанға ірімшік берді. Барыс септігінің жалғауы тышқан-ға

3.Қу тышқандар қоймаға кіріп те үлгеріпті. Көптік жалғау тышқан-дар

4.Қазақстанда далалық зонада қандай жануар мекен етеді? Далалық зат есім тудыратын жұрнақ.

5.Осы жазда Қамысты жинап үлгермедік.Табыс септігінің жалғауы

6.Тығылу мысыққа тән қасиет.Тығыл-у тұйық етіс жұрнағы. Мысық-қа барыс септігінің жалғауы

7.Ол бұрында адасыпты.Адасып-ты Өткен шақтың жұрнағы.Етістік

8.Қалу керек болып тұр.Қал-у тұйық етістің жұрнағы

Объяснение:

Қаш ол мағынасы жоқ.

4,4(17 оценок)
Ответ:
SabinaLi1001
SabinaLi1001
18.09.2020

Тұнық та терең көлдің жағасында ескі үй бар еді. Үйдің айналасын қалың ши басқан. Сол шидің арасында бір үйрек көптен бері жұмыртқа басып отырған болатын. Бір күні балапандар бірінен соң бірі жұмыртқаны жарып шыға бастады. – Пи, пи, пи, қандай кең жер! – деп, тар жерден шыққан балапандар анасын айналып жүгіре жөнелді. – Сендер әлі көп нәрсені көрген жоқсыңдар, – деген анасы, – «өзім де осы маңайдан басқа еш жерді көрмеген екем-ау» – деп ойлады. Жұмыртқаның қаншасы жарылып, қаншасы әлі жарылмағанын білмек боп, аяғын көтеріп қарап еді, бір үлкен жұмыртқа қалған екен. Үйрек амалсыз жұмыртқаның үстіне қайта отыра кетті. Осы кезде бір кәрі үйрек жанына келіп: – Бұл күрке тауықтың жұмыртқасы болуы мүмкін. Оны таста да, өз балапандарыңа еге бол, – деп ақыл берді. – Осынша уақыт бастым ғой, сәл шыдайын, – деді үйрек. – Өзің біл ендеше, – деп кәрі үйрек кетіп қалды. Сол сәт үлкен жұмыртқа жарылып, балапанның шиқылдаған үні естілді. Кәрі үйрек балапанға әрлі-бері қарап: – Қандай ұсқынсыз өзі, расында да күрке тауық тың балапаны болды ғой, басқа балапандарға еш ұқсамайды, – деп ойлады. «Түк түсінсем бұйырмасын, мына ұсқынсыз балапан шынында менікі болғаны ма?» деп ойлады үйрек-ана да соңғы туған балапанына қарап. Сұр балапан расында ұсқынсыз еді. Жемді көбірек жегендіктен басқа балапандарға қарағанда тез өсіп кетті және ебедейсіздеу болды. Бауырлары да онымен ойнағысы келмеді. Ұсқынсыз балапан қатты қамығып, өзін жалғыз сезінді. Анасы оны жұбатпақ болып: – Кішкентайым-ау, сен неліктен мұндай болдың екен, қалайша басқаларға ұқсамайсың? – деген сайын өзін одан бетер жаман сезінді. Түнде басқаларға білдірмей жылап алатын. – Ешкім мені жақсы көрмейді, бәрі мені ызаландырады. Неге мен бауырларыма ұқсамаймын? – деп қайғырды ол. Келесі күні ауа райы сондай тамаша болды. Үйрек балапандарын көлге ертіп әкеліп, жүзуді, сүңгуді үйрете бастады. Балапандар анасының істегендерін қайталап, жүзсе жүзді, сүңгісе, олар да сүңгіді. Ұсқынсыз балапан да ешқайсынан қалысқан жоқ. «Күрке тауықтың емес, өзімнің-ақ балапаным сияқты ғой, қарашы, өзгелермен бірдей жүзіп жүр» деп ойлады оған сынай қараған анасы. – Қане, маған қарай жүз, – деді ол ұсқынсыз балапанға мейірлене қарап. Балапандарын ертіп құстар мекендейтін аулаға келе жатып, үйрек-ана: – Балалар, біз қазір құстардың ауласына барамыз. Менен алыстап кетпеңдер, – деді. Құс ауласына келгенде, бір үйрек ұс қынсыз балапанды мойнынан тұмсығымен тістеп алды. – Мұның не? Ол саған ештеңе істеген жоқ қой! – деп анасы шырпыр болды. – Ол ұсқынсыз әрі қопал! – деді қатыгез үйрек. – Басқа балапандарыңның бәрі өте сүйкімді. Ал мына балапаның маған ұнамайды. Ауладағы құстар ұсқынсыз балапанды біресе итеріп жіберіп, жол бермей, енді бірде қорқытып, күн көрсетпейтін болды. Әсіресе, бір қораз байғұс балапанды олай өтсе де, былай өтсе де шоқып, денесін қанатып, маза бермеді. Балапан қайда барса да барлығы оған күле қарап, мазақ етті. Бұл қорлыққа төзе алмаған байғұс балапан ақыры ауладан қашып кетті. Басы ауған жаққа қарай тоқтамай жүгірген балапан қатты шаршады. Айнала сына қараса, жабайы үйректер мекендейтін сазға келіпті. «Осы жерде қалып, шалшық суды ішсем де күнімді көрермін» деп ойлаған ол, сазда екі күн бойы та отырды. Үшінші күні оның жанына ұшуды енді ғана үйреніп жүрген екі жабайы балапан-үйрек ұшып келді. – Бізбен дос болсаңшы, өзің бір күлкілі екенсің, – деді олар. Балапан бұл жерде де қалуға болмайтынын тү сінді. Сөйтіп ол бір қамыстардың арасына барып жасырынды. Түн болды. Кенет тарс еткен мылтық дауысы естілді. Зәресі ұшқан балапан қанаттарымен басын бүркеп, жата қалды. Кенет, аңшылардың бір иті оның қасына келіп, тілін салақтатып, ырылдап тұрды да, әрі қарай жүгіріп кетті. «Ұсқынсыздығымнан ит те алды-артына қарамай қашты-ау» деп ойлады балапан. Арада біраз уақыт өтті. Ұсқынсыз балапан жалғыздықтан жалығып, жазық даламен тоқтаусыз жүгіріп отырды. Алдынан кездескен ескі үйдің тесігінен кіріп, құлай кетті. Ол үйде кәрі кемпір тұрады. Оның тауықтары мен мысығы бар болатын. Кемпір ерке мысығы мен күнде жұмыртқа туып беретін тауықтарын балаларындай жақсы көретін. Кемпірдің көзі нашар көретін еді. Ол балапанды «семіз үйрек екен» деп ойлап, «енді үйректің де жұмыртқасын жейтін болдық» деп қуанды. «Мына үйрек қашан жұмыртқа басар екен?» деп күтумен жүреді.

Объяснение:

міне тырыстым әртеуір

4,5(43 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ