1. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.
2.Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі.
3. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады.
4.Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған.
5.10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады.
6. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.
7.Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
8.Отырарда археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде 1969 жылы Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедиция ұйымдастырылғаннан кейін басталды.
9.Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м.
10.Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді
Объяснение:
Өсімдіктер адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Ағаштардың жасыл жапырақтарында пайда болатын фотосинтез процесінің арқасында, тірі ағзаларға тыныс алуға қажетті оттегі өңдіріледі. Сондықтан, өсімдіктерді біздің планетамыздың өкпесі деп атауға болады. Атмосферамыздың 20%-ы оттегіден тұрады, ол болмаса адамдар, жануарлар және құстар тірішілік ете алмай, планетамыз жансыз шөл далаға айналатын еді. Биосфераның маңызды компоненті бола отырып, өсімдіктер экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына, климаттың және топырақтың қалыптасуына әсер етеді. Олар ауаны тазартады, зиянды заттарды сіңіреді және қауіпті микроағзаларды жояды. Орманда серуендеуді ұнататын адамдардың физикалық және эмоционалдық күші қалпына жылдам келеді. Шөптен шығатын иістер мен ағаштардағы жапырақтардың тербелістері, жан тыныштандырады. Ағаштар өнеркәсіпке және шаруашылыққа үлкен пайдасын тигізеді. Оны отын немесе құрылыс материалы ретінде қолданады. Қағаз, ацетон, эфир майлары және спирт ағаштан жасалады. Болашақта ағашты басқа материалдармен алмастыру көзделіп отыр. Қалаларды оттегімен байыту мақсатында – көшелердің бойында гүлзарлар мен көгалдар отырғызылып жатыр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін, айналамызда көбірек өсімдік болуы керек. Сондықтан, оларды қорғау және жасыл кеңістікті ұлғайту біздің міндетіміз. Өсімдіктердің бізге тигізетін пайдасы өте үлкен, мұны әрбір адам түсініп, оларға күтім жасауы керек.
Толығырақ: https://faktiler.kz/osimdikterdin-adamzatka-pajdasy-esse/
поманаево 79 мильей меньше будет 69