1)
Арман: – Анашым!Мен бүгін шешендік өнерден бірінші орын алып келдім!
Анасы: – Жарайсың, құлыным!“Өнер алды - қызыл тіл” демекші,тіліңді қастерлеп еркін сөйлеп,осындай байқауларға қатысуың да бір өнер ғой.
Арман: – Ия,анашым.Мен сізбен толықтай қосыламын.Алайда,маған әлі де дайындық керек,көп кітаптар оқуым керек...
Анасы: – Қазір барып қалаған кітаптарыңды кітапханадан алайық та, екеуміз отырып дайынлалайық.Әлі де сені жүлделі орындар алады деп сенемін,балапаным.
Арман: – Міндетті түрде!
3)
Мұғалім: – Қане,кім жылатты Динараны?Мойындаңдар!
Оқушылар: –
Динара: – Апай...Әли мені жылатқан.Ол маған “ сен қортықсың ” деп тиісті.Әрі бұл бірінші рет емес.
Әли: – Апай,мен ойнаған едім...
Мұғалім: – Динара маған жылап келмесе,бұл қылығыңды жалғастырар ма едің сонда?Қане,кешірім сұра!
Әли: – Динара,сөзім тиіп кетсе,кешірші.Мен әдейі емес.Бұдан былай қайталанбайды.
Динара: – Жарайды...
Мұғалім: – Оқушылар,“ойнап сөйлесеңдер де,ойлап сөйлеңдер”!Ендігде мұндай жағдайлармен кездеспейтін болайын!
Оқушылар : – Ия!
2)
Анар: – Кеше білесің бе...
Айым: – Анар,ал сен білесің бе көп сөйлейтініңді?Сен мектептегі бар жағдайды білетін шығарсың...
Анар : – Не дегің кеп тұр сонда?
Айым : – “ Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын ” ғой...Әрине,мен қарсы емеспін сенің менімен қызықтарыңды бөліскеніңе... Меніңше,сен ертең болатын байқауды ұмытып кеткен секілдісің.
Анар : – А?Не байқау?
Айым : – Әне көрдің бе?!Мен саған кездескен бойда мен бақ сынайтын байқау туралы айтып,қолдау сұрап жатқанымда,сен сөзімді бөліп өз әңгімелеріңді айтып кеттің ғой.
Анар : – Мүлдем есімнен шығып кетіпті ғой.Кешірші...
Айым: – Әрине кешіремін.Бірақ мен сенің бұдан былай өзгелер туралы жаман сөздер айтқаныңды дұрыс деп санамаймын.
Анар: – Мен тырысамын бұл жағымды жеңуге!
Подробнее - на -
Объяснение:
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ.
Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз.