Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады
- Досым, мен қазақ тілін тереңдетіп үйренгім келеді. - Жақсы, мен саған бұл туралы азғантай кеңестер бере аламын. - Жарайды. - Ең алдымен әртүрлі сөздердің мағыналарын біліп алу үшін сөздіктерді пайдаланғаның жөн. Және де қазақ тілінде кітаптарды, әртүрлі газет-журналдарды оқығаның да артық болмайды. - Жақсы, осы айтқандарыңды істеуді әдетке айналдырайын. Қазақ тілін үйренудің тағы да басқа тиімді тәсілдері бар ма? - Иә. Сен теледидар мен әртүрлі желілер арқылы қазақ тіліндегі бағдарламаларды, видеоматериалдарды, мультфильмдерді көруіңе болады. - Бұл тіл үйренудің тамаша жолы екен! - Сонымен қатар қазіргі таңда ғаламторда қазақ тілінде әртүрлі логикалық, ойды дамытатын және тағы басқа ойындар шығып жатыр. Соны байқап көруіңе болады. - Қандай қызықты тәсіл десеңші! - Дұрыс айтасың. Және де қазақ тілінде жиі мәтіндерді оқы, жиі әртүрлі шығармалар жаз. - Көмегіңе, берген кеңестеріңе көп раxмет, досым! Қазақ тілін жетік меңгеруге барымды саламын.