Туған жер туралы ой толғап, қалам тербемеген ақын -жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар... Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер! Алтын бесігіме аяқ баспағалы бірнеше айлардың жүзі болған еді. Осы ағаттықтың орнын толтырмақ болып, жақында ғана туған жеріме барып, тағызым етіп, сәлемдесіп келген жайым бар. Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да , суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге ұқсамайтын - ұлы сезім!
--Қазақстанның жері қандай ? --Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. --Қазақстанның жерінде қандай қазба байлықтары бар? --Қазақстанның жерінде көмір, мұнай, гранит, газ ,көмір, алюминий, мыс , қорғасын әктас қазбалы байлықтары бар. --Қазақстанның табиғаты қандай? --Қазақстанның табиғаты өте әдемі.Қазақстанның жерінде нулы ормандары мен биік-биік таулары көп. --Қазақстанның жерінде үлкен , көлдер, өзендер бар ма? --Иә,бар,Атап айтар болсақ ,Арал, Балқаш, Зайсан,Алакөл --Ертіс, Есіл, Іле сиякты үлкен көлдер ,теңіздер мен өзендер бар.. --Қазақстан қандай мемлекет? --Қазақстан --тәуелсіз үлкен мемлекет.