М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
polix2008
polix2008
24.05.2020 13:42 •  Қазақ тiлi

Мәтіннен жуан буынды, жінішке буынды, аралыс буынды сөрдерді табындар. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет
Тұман деген әдетте қыстыгүні келетін мылқау мейман ғой. Тұман түсіп,
дүние аппақ сүт дариясына шомылып мүлгіп тұрғандай, жер бетіндегі зат-
тың бәрі буылдыр арасынан көмескі, күңгірт көрініп, көңілді бір белгісіз үрей
сезімдер билеген шақты Кириск бұрын тіпті ұнататын да...
Ал қазір буырқанған теңіз үстінде біресе жазылып, біресе жиырылып,
ирелеңдеп жөңкіген тұман айдаһардың жер бауырлап жылжығанын еске сал-
ғандай еді... Күллі әлемді қамтып алған мына сіреспе бозғылт тұманда қайда,
неге жүзіп бара жатқаны белгісіз... Әл-қуат кетіп қалжыраған жандарды енді
еріксіз енжарлық билеп, мына көр тұман тұтқынында қайығы қақпайлаусыз
қалтылдап, тағдыр құрығына тырп етпей мойынсұнған шақ... Көр тұман
адамды езгiлей түсіп, ерiктен айырып, мең-зең халде қалдырған...​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен әдебиет саласындағы жаналықтар лексикаға да үнемі ыкпалын тигізіп отырады. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады.

Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін.
Тіл — тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары — сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы: сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре, малай, күң, құл, бай, болыс т. б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
4,8(49 оценок)
Ответ:
23774947hhbhut
23774947hhbhut
24.05.2020
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Егер жетістіктерімізді қанағат тұтып, әр ісімізді ізгілік жолымен атқаратын болсақ, өзімізді бақытты сезінетін боламыз. "Қанағат қарын тойғызады" дейді халық философиясы. Ендеше қанағат болған жерде бақытта болады. Бақыт- бір адамға тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да сонда! Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.
4,7(79 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ