5. Мәтінмен танысып, «Жазуды тек таңбалар жиынтығы деп тану дұрыс па?» деген тақырыпта сұхбат жүргізіңдер. Түркі жазулары
туралы тұжырымдарыңды кластерге түсіріңдер.
жа-
Түркілердің алғашқы
зуы
- тас бетіндегі петроглифтер.
Олар жазу өнеріне ерте заманнан Петроглифтер (лат. пет-
қол жеткізді. Оған Алтай тау жо-
po – «тас» және грек.
глиф – «жазу») - тақтатастар-
тасының Солтүстік Зеңгір үңгі-
ға, жартастарға салынған су-
ріндегі гравюралар толық дә реттер, бейнелер.
лел. Бұл – ежелгі түркі қауымның
рухани деңгейінің қаншалықты
жоғары болғанын көрсетеді. Мұн-
дай сызбалар шығыста Сарыөзеннен (Хуанхэ) басталып, Ал-
тай, Сібір, Тәңір тау, Сарыарқа, Үстірт, Орал өңірін көктей
өтіп, батыстағы Дон мен Дунайға дейін таралған. Осылайша
түркілердің буындық жазуының 33 таңбасы бүгінгі күнге
дейін жетті. Түркілердің бітік жазуының жүйесі шығыстағы
қытай, оңтүстіктегі парсылар мен батыстағы гректердің жазу
үлгісінен мүлдем басқаша. Бұл – түркі этносының әлем өрке-
ниетіне қомақты үлес қосқанын көрсетеді.
(Қаржаубай Сартқожаұлы)
Бақтияр Артаевтың өмірбаяны.
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев - 1983 жылдың 14 наурызында Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.
2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
Афинадағы жеңістен кейін өзінің туған өлкесінде бірнеше жыл бойы әкімшілік салада қызмет еткен болса, қазіргі таңда Астана қаласындағы президенттік кәсіби спорт клубының президенті. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Бүгінде әлем мойындаған Генадий Головкинмен 14 жасында Шымкент қаласында алғашқы кездесуін өткізеді. Ел аузында қос спортшының бала кезден бергі достықтары, бүгінге дейін жалғасқан сыйластықтары аңыз болып айтылып жүр.