ответ:
арғын тайпасының атығай руының құдайберді тармағынан шыққан[1].
атасы – жұмабай қажы. әкесі бекен айналысқан дәулетті болған. анасының есімі – гүлсім. мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары қызылжардағы (петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен м.бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. медреседе бегишевтен шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, фирдоуси, сағди, хафиз, омар һайям, низами, науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
баспадан 1909 жылы шыққан абай өлеңдерін оқып, “атақты ақын, сөзі алтын хакім абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары уфа қаласындағы “ғалия” медресесінде білім алды. онда татар жазушысы ғ.ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер с.жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы б.майлинмен танысады.
ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы қазан қаласындағы кәрімовтер баспасында “шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
“бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “” қолжазба журналын шығаруға қатысады. ә.бөкейхан, а.байтұрсынұлы, м.дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. осы жылы сәуірде ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. мәскеу қаласында өткен бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
“алаш” партиясының ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары ақмола губерниялық “бостандық туы” газетінде, “шолпан”, “сана” журналдарында, “ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “батыр баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары мәскеуде жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. онда орыс әдебиетін, батыс еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
объяснение:
Климаттың өзгерулері[1] - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялық климаттың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.

Соңғы 0,5 млн жылдардағы Климаттың өзгерулері
Климат индикаторлары:
көк түспен — мұхиттың деңгейінің өзгеруі,
жасыл түспен — 18O-дің теңіз суларындағы концентрациясы,
сарғылт түспен — CO2-нің антарктикалық мұздарындағы концентрациясы (сарғылт)
Межелік бірлігі — 20 000 жыл.
Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық ырғақтар) және т.б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.