Мәтін
Қазақ тілі олимпиадасына қатысқым келеді.
Міне,көп ұзамай 9-сыныпқа да қадам басқан едім.Мектеп бітіруіме аз қалғанына сенерімді не сенбесімді білмей жүрмін.Болашақ туралы ойлануды бастау керек.Келешекте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болуды армандаймын.Сол себепті мектеп ішінде болатын не қалалық,облыстық қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаларға қатысқым келеді.Олимпиадаларға қатыса отырып сен өзіңе тәжірибе жинайсың деген маған ұстазым.Қазіргі таңда оқу жылының басы болса да көптеген жоспарларым бар.Солардың бірі – қазақ тілі олимпиадасына белсене қатысу.
Қосымша:
Көмекші сөздер — лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер.Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді.
Мұғалім туралы.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.
Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге барынша қабілетті болудың көр-сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬нетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбектері жемісті болса екен деймін.
подписоваемся на меня