М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Hah125
Hah125
10.06.2022 20:22 •  Қазақ тiлi

Хронология деген не тез керек еды​

👇
Ответ:
3837268
3837268
10.06.2022

Хронология (от греч. χρόνος — время; λόγος — учение):

вс историческая дисциплина, устанавливающая даты исторических событий и документов;

последовательность исторических событий во времени;

перечень каких-либо событий в их временной последовательности.

4,7(21 оценок)
Ответ:
Mirana466
Mirana466
10.06.2022

Хронология – хронос – время, логос – слово, учение деген сөздерден шыққан. Уақытты өлшейтін ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол негізінен екі бөліктен тұрады: астрономиялық (математикалық) және тарихи (техникалық). Біріншісі, аспан денелерінің қозғалысын, астрономиялық жағдайларды есептей отырып, нақты астрономиялық уақытты анықтайды. Екіншісі, әр халықтардың әр кездегі уақытты қалай өлшегенін, өлшем жүйелері қалай дамығанын (календарлар) зерттейді.

Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы календарлық жүйелердің сәтті элементтері Ежелгі Грек, Ежелгі Рим календарларына енді, жаңаланды.

Хронология ғылым ретінде қалыптасуы ХVІ ғасырдың соңы – ХVІІ ғасырдың басына жатқызылады. Француз гуманист-ғалымы Жозеф Скалигер өзінің «Об улучшении счета времени» (1583), «Сокровище времен» (1606) т.б. еңбектерінде календарға григориандық реформа жасауға сын айтты, жылсанау жүйелерін бір жүйеге салуды қарастырды. Оның «юлиандық кезең» деп аталатын календарында санақ жылға бөлінбейді, бұл әр түрлі календарлардың дәуірін біріктуге қол жеткізді. Скалигер айналасындағы тартыс осы саладағы мәселелерге байланысты көптеген әдебиеттердің пайда болуына себеп болды.

Осы материалдарды ХVІІІ-ші ғасырда француздар д’Антин- және Дюран «Искусство проверки дат», оның соңғы ба томнан тұрды. ХІХ – ХХ-ғасырдың басында ғылыми хронология өзінің даму шыңына шықты.

Қазірге дейін неміс астрономы және хронологы Христиан-Людвиг Иделердің «Справочник по математической и технической хронологии» еңбегі маңызын жойған жоқ. Осы аттас Ф.Гинцельдің еңбегі жаңа негізде жазылған. Неміс ғалымдары Х.Гротефенд («Леточисление немецкого средневековья и нового времени») және Ф.Рюльдің («Хронология средних веков и нового времени»), француз авторы А.Жиридің («Учебник дипломатики») және венгр И.Сентпетеридің («Справочник по хронологии») еңбектері ортағасырлық хронологияны дипломатикамен тығыз байланыстыра отырып қарастырады. Австриялық ғалым Р.Шрамның «Календариографические и хронологические таблицы» еңбегі Скалигердің жүйесін пайдалана отырып, юлиандық күндер арқылы әртүрлі календарлық стильдерді байланыстырды.

Кеңестік авторлардың ішінен Н.И.Идельсон, С.И.Селешников, И.А.Климишин, Е.И.Каменцова, Я.И.Шур, В.В.Цыбульский, М.Я.Сюзумов еңбектері белгілі. Орыс техникалық хронологиясының негізгі элементтері «Вс исторические дисциплины» под ред. В.Г.Тюкавкина. – деген еңбектің «Хронология» деген бөлігінде жазылған.

Хронология. Тарихи Хронология пәні және оның міндеттері. «Күнтізбе» ұғымы. Дәуірлер әралуандығы. Жыл санаудағы астрономиялық негіздер. Басты өлшем бірліктері. Оқиғалардын хронографиялык мағлұматтары. Уақыт өлшемі жүйесіндегі жыл ұғымы. Уакытты өлшеудегі әралуан әдістер. Ай фазасын бакылау. Синодтық жыл. Христиан дәуірі.

4,6(69 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
margocharlip0cmwu
margocharlip0cmwu
10.06.2022
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланған. “Жылқы малдың - патшасы, түйе - малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туылған болатын. Мереке - қуанышта, қайғы - қасіретте басқа түскен ауыр күндерде бұл түліктер адамның айырылмас жан досы болған. Біздің жерімізде үй жануарларын өсіруге қажетті жағдайлардың бәрі бар. Шүйгін шөп, су, жайылымдық жерлер жеткілікті. Оның ішінде түйе шаруашылығының пайдасы мол. Түйе 150 - 200 кг. жүкпен 30 - 40 шақырым жол жүре береді. Қазақ халқы еті мен сүті, әрі тағам, әрі шипалы дәрі, жүні - киім, өзі - сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған. Сүтінен емдік қасиеті бар май, шұбат, сыр дайындалса, еті тағамға қолданылды, ал жүні 85 пайыз таза өте бағалы түбіттен тұрады. Барлық шөптің түрін жей береді, шөлге шыдамды. Олардың салмағы 550 - 650 кг, ол 10 - 12 кг. жүн беріп отырады. Басқа үй жануарларына қарағанда түйе біздің елімізде өте аз. Түйе киелі жануар – пайдасы да мол.Қазақтың түйе сүтінен жасалатын ұлттық сусыны - шұбатШұбат - түйе сүтінен ашытылады. Бұл - әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті мол.
4,7(45 оценок)
Ответ:
kekmanchik
kekmanchik
10.06.2022
«Көксерек» - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр-сырын таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.

Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.

Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламнын жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .
4,5(76 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ