М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zhenya2099
Zhenya2099
07.07.2022 14:26 •  Қазақ тiлi

Біздің ана тіліміз болашығымыз бола ала ма ? эссе керек

👇
Ответ:
bigarnastia
bigarnastia
07.07.2022

Әрине, Тіл халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

Біз – келешек еліміздің айбыны,

Біздің қолда тіл мен ұлттың байлығы!

Тіл  – тиексіз болашақтың тірегі,

Бізге аманат Тәуелсіздік тұғыры!

Объяснение:

4,4(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Rita7711
Rita7711
07.07.2022

Алғашқы ұстаз.

Дүйсенге мінездеме-әскерден хат танып келген жігіт,ауылдың балаларын жинап оқуға үйретеді.Еш қарсылыққа қарамай,балаларды білімге,оқуға сүйреген ұстаз.Қарапайым,адамгершілігі мол,Алтынайдың білім алуына,білімін жалғастыруына күш салып,сол дәуірдің қараңқылық,надандығымен білімі аз болсада, күрескен жігіт.

Алтынайға мінездеме-әке-шешесі қайтыс болып,ағасы мен жеңгесінің қолында тұратын жетім қыз.Оқуға ынтасы күшті.Жеңгесінің зорлығына қарамай, Дүйсеннің көмегімен білім алуға интернатқа кетіп,жоғары білім алып,академик атанған қыз.

4,6(93 оценок)
Ответ:
Danil10031
Danil10031
07.07.2022

Птолемей (б.з. 90-160 ж.), негізінен, картографиялық бағыт ұстанған. Ол өзінің «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен. Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген. Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген. Страбон (б.з.б. 63-24 ж.) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған. Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған. Арал теңізін Каспийдің шығанағы («Скиф шығанағы») деп есептеген. Ол Сырдария (Яксарт) мен Әмудария (Окс) жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған.

Геродот (б.з.б. V ғ.) өзінің «Тарихына» кіргізген. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Ғалым теңіздің шығыс жағында «қараса көз жетпейтін ұлан-ғайыр, жазық дала» жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай «тастақты жерлер», «заңғар таулар» (Жалпы Сырт, Орал тауы) барын жазған.

Страбон (б.з.б. 63-24 ж.) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған. Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған. Арал теңізін Каспийдің шығанағы («Скиф шығанағы») деп есептеген. Ол Сырдария (Яксарт) мен Әмудария (Окс) жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған.

Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан Цянъ мен Сюань-Цзан келеді. Олардың жазбаларында Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер сақталған. Осы және басқа деректерді жинастырып, қытайлықтар сол кездің өзінде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.

Объяснение: надеюсь :)

4,8(27 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ