АМЕН ЖҰМЫС ДАЛЫМ
ЛЫМ
-тапсырма.
Мәтінді
тыңда.
Оқы.
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда атам әжем, әкем, анам, ағам женгем
әпкем, інім бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Біз отбасымызда ана тілімізде сөйлесема
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол — Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп мүмкіндік
жасалған.
Атам Мағжан Жұмабаевтың, ал әжем Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін
сүйіп оқиды. Ата-анам үш тілді жақсы меңгерген. Олар жұмыста қазақ тілінде
Қызмет көрсетеді. Әкем пойызда жолсерік, ал анам — дүкенде сатушы .
Нағашым да орыс тілін жетік біледі. Ол қазақша ән айтады. Ал жиенім
Қазақша өте жақсы сөйлейді. Себебі ол тіл үйірмесіне барады, қазақша керкем-
әдеби кітаптар оқиды, әртүрлі байқауларға қатысады. Ол жақында Мағжан
ақынның «Қазақ тілі» өлеңін жаттап алды.
Менің ағам көп тіл біледі. Көп тіл білген жақсы. Көп тіл білген адамның
өмірдегі мүмкіндігі де көп. Ағам жақында жоба жұмысын ағылшын тілінде
дайындады. Ол халықаралық грант ұтып алды. Жеңгем де француз тілін үйреніп
жүр. Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде еркін сөйлейміз, өзге тілдерді де
жақсы білеміз.
тұмар (томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі,массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. себебі грек оның елін "массагет" деп атайды. тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) орта азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.