Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және
ауыспалы осы шақ.
Нақ осы шақ іс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанын көрсетеді. Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы жасалады. Мысалы, оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр.
Ауыспалы осы шақ істің, қимылдың дағдылы түрде болып тұруын көрсетеді. Ауыспалы осы шақ түбірге көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау-а-ды, күн күркіре-й-ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, менкеліспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т.б.
Мен өнертапқыш болсам
Егерде мен өнертапқыш болсам,мен əрқашанда əдемі əшекейлер істеп,оларды əдемілеп,адамдарға сатушы едім. Менің қолым өнерлі болса, менің арманым барлығы менің еңбегімді бағалағанын қалаушы едім.
Неге сатушы едім? Неге сатпасқа? Адамдар оны тақса,онымен қуанып бетінде тек күлкі болса,абамдарға көңіл күй сыйлап жүрер едім. Адамдар оларды сатып алса мен білетін боламын,олар менің істеген қолөнерімді бағалайды деген екен деп ойлар едім. Келешекте егерде мен өнертапқыш болсам,қолымнан бəрі келсе,мен əрі қарай өз еңбегімді дамытатын боламын!