Астана-Қазақстанның жаңа астанасы.Астана күннен-күнге көркеюде.Жаңа астана көптеген жаңа ғимараттарға мүмкіндік берді.Бізде өте көркем ғимараттар бар.Олар:Бәйтерек,Хан-Шатыр,опера және тағы басқалары.Астана көптеген туристерді қызықтыруда.Әр жыл сайын көптеген шетелдіктер келуде.2017жылы жаңа астанада әлемдік көрме EXPO өтеді.Оның басты тақырыбы:"Болашақ тоқ көзі".Бұл көрме Қазақстанды әлемге танытуға мүмкіндік береді, оның ішінде дәстүрін, халқын және оның болашақ жоспарларын.Әр күн сайын астана көркеюде.Мен Астананы мақтан етемін!
Бешбармақ рецепт қазақша. Ет жылқы, сиыр, қой еті өз қалауыңызша алып жақсылап жуып, қазанға етті саламыз. Ет қайнаған кезде, көбігін алып, тұздап, отты азайтып, 2 сағаттай қайнатамыз. Енді қамырымызды дайындап аламыз. Қамырға: 2 жұмыртқа 1 шәй қасық тұз 200гр су Ұн Барлық қоспаларды қосып, жақсылап қамыр илеп 20 минутқа қамырымызды қойып қоямыз. 2пиязды алып майдалап турап ыдысқа салып, үстінен еттің бетіндегі майлы сорпадан құямыз да бұқтырамыз. Қамырымызды жайп алып, етті сүзіп қайнап тұрған сорпаға қамырымызды бір-бірлеп салып, піскен соң легенге сүзіп аламыз. Етті турап, қамырдың бетіне май сорпасын құйып, бетіне етті салып , еттің бетінен қайта май сорпамызды құямыз. Өз қалауыңызша картоп пен сәбіз салуыңызға да болады. Бешбармақ дайын. Астарыңыз дәмді болсын!