Қыс.Даланы аппақ қар жапты.Анда-санда күн борап тұрады.Дала сондай бір тамаша күйге бөленген күйін айтсам сенбейсің, керемет көз жауын алады.Енді сол аппақ кілем үстімен жүрсең көңілің бір көтеріліп қалады.Шанамен сырғанау,шаңғы тебу,мұз үстімен жүру,қар үйін жасау сияқты қыс қызықтары жетіп жатырлық.Қыстың тағы бір көркі аққала. Аққала жасағанға не жетсін. Қыстың келгенін сол білдіреді. Аққаланы жасау оңай. Оны жақсы етіп безендірудің өзі бір ғанибет. Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар.
вроде бір болад и все