ИТЫЛЫМ -тапсырма. «Сөздер сөйлейді» ойыны. Қоржыннан мәтінге қатысты
етістік сөздерді алып, бірден сөйлем құрап айтыңдар. Дұрыс әрі кеп
жауап берген оқушы жеңіп шығады.
Қоржынға салынатын сөздер: туған, араласты, хабарласты, басталу
яқталды, жаттады, жазды
Қазақ аруларының басына бас киім киіп, құлағына алтын сырға тағып, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын куәлайды.
Әйел киімінің басты элементінің бірі - үкілі сәукеле .Аса көркем әшекейленген қымбат сәукелелер кездескен бір түрінің құны Бөкей ордасында күміс ақшамен 1000 сомға бағаланса, Семей төңірегінде 2000 сомға жеткен көрінеді.
Қазақ халқы әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептеген. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, шолпы немесе шашбау байланған.