bookmark 7. Климаттың өзгеру себептері Задание №1 Не сдано keyboard_arrow_down ауа райына қатысты қазақ халқының танымы Қазақ ұлты торғайлар арқылы ауа райының өзгерісін алдын-ала болжап біліп келген халық.Торғайлар топтаса ұшып, қайта-қайта ұшып қонып, денелерін әлсін-әлсін сілкінтуі жазда жауын көп жаууының, көктемде, қыста ауа райының бұзылуының белгісі болады.Жауын жауып жатқанда, торғайлар зуылдап ұшып жүрсе, кешікпей күн ашылады, жауын тоқтайды.Торғайлар топтаса ұшып жүрсе, жауын жауудың, биіктеу жерге тобымен қонып отырып, таранып, қауырсындарын сілки бастаса, күн жылынуының, бұта-бұтақтарға тығылып ықтаса, онда күн суытудың және борасын болатынының белгісі.Қыста торғайлар топтаса ұшса, күн жылынуының, торғайлардың қауырсыны үрпиіп көрінсе, жазда жауын жауудың, қыста қар жауудың белгісі болады.Ауа райы нашар күні торғай топтаса ұшса, күн ашылады.Торғайлар суды көп, ұзақ ішсе, жауын-шашынсыз, ашық күн болады.Бозторғай түнде әуендетсе, ертеңгісін тымырсық, ыстық күн болады.Егер кешке ағаштың бұтағына қонғыш келсе, тымық түн болады.Бұтаға бұққыш, тығылғыш келсе, кешікпей күн желдетеді. Дуадақ, тоқылдақ сияқты құстардың қылық, мінез-құлқы арқылы ауа райын алдын-ала болжайды.Дуадақтар беймаза құс.Олар жылы өлкелерге кетпей, жазда жүрген мекенінде қалып қойса, онда қыс жайдары, жұтсыз болады.Дуадақтың көбеюін заманның, яғни күннің жақсы болуына балайды.Ормандағы тоқылдақ құстар құрғақ ағаштарды тоқылдатып шоқыса, ауа райы бұзылатынының белгісі. Мәтінмен танысып, жоспар құр , тақырыбы мен идеясын тап, мәтіннен сын есім мен үстеулерді теріп жаз
Алматы – қазақ мәдениетінің қара шаңырағы.
Асқар Алатаудың баурайында орналасқан Алматы қаласы - еліміздің оңтүстік астанасы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының ордасы, қара шаңырағы. Бұл жерде бірнеше мемлекеттік театрлар, атап айтқанда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры, М.Ю.Лермонотов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балаларға арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры т.б сынды мәдениет ордалары орналасқан. Алматы қаласында тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде бірнеше түрлі мәдениет іс – шаралары, өнер додалары, ғылыми – практикалық конференциялар, жарыстар өткізіліп тұрады, солардың бір мысалы 1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия дауысы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
Алматы қаласында алғашқы қазақ интеллигенциясының жетілуіне ерекше ықпал еткен, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институты, Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институты, Қазақ ауыл шаруашылығы институты, Қазақ медициналық институты, Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.