1. Тұйық және бітеу буындары бар сөзді көрсетіңіз.
Е) Ас-пан. ( Тұйық буын - дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа бітеді.Бітеу буын - ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.)
2.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) ел, ер, үй
3. Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
Д) қа-ла, ме-ре-ке (Ашық буын - бір дауысты дыбыстан болады не дауыссыздан бастлаып,дауыстыға біттеді.)
4. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз.
Е) Ұлт-тар.
5. Бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
Д) Жаң-ғақ
6. Тек ашық буынды сөздерді көрсетіңіз.
Д) Те-ре-зе, та-за, ма-ғы-на
7. Жіңішке буынды қатарды көрсетіңіз.
С) Лепті сөйлем.
8.Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.
С) Та-ма-ша
9. Бітеу буынды сандар қатарын көрсетіңіз.
С) 5, 0. ( бес,ноль)
10.Бітеу буыны бар сөзді табыңыз.
С) Мек-теп.
11. Бірыңғай ашық буынды сөздерді табыңыз.
Е) Қа-зы-на, о-қи-ға, та-би-ғи
12. Бір ғана бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз.
Д) Күш.
13. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
Е) ән, ас, ал
14. Бітеу буынды киіз үйдің ағашының атын көрсетіңіз.
В) Уық.
15. Тек тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
В) Аш, әл, әк.
Тіл ең асыл құндылық
Объяснение:
Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген.
Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?