М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Jefry228
Jefry228
11.09.2020 13:37 •  Қазақ тiлi

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт әркімнің өмірлік капиталы.
Адамның босқа кеткен әрбір минуты отқа жаққан теңгемен тең. Адамның
ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге
болса, енді біреулердікі — бір тиын.
Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар,
тек оны әркім әр түрліше пайдаланады. Байларға да, қарапайым адамдарға да
берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен
артық демократия жоқ. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана табысты
адамдардың қатарына қосыла алады. Адам уақытты бағалай білгенде ғана өзін
өзі қадағалап отырады. Күнделікті жоспарын құрады. Сол арқылы ең жаман
дерт - еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

«ПОПС» формуласын
пайдаланып, мәтін бойынша
өз пікіріңді дәлелде.
Бірінші сөйлем. «Менің ойымша».
Екінші сөйлем. «Себебі мен оны деп түсінемін».
Үшінші сөйлем. «Оны мен деген фактілермен, мы-
салдармен дәлелдей аламын».
Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген
шешімге келдім».

Зарание

👇
Ответ:
Мадам44444444
Мадам44444444
11.09.2020

Менің ойымша уақытты өзгерту мүмкін емес.Себебі мен оны өзіндік жаратылыс деп түсінемін.Оны мен күнделікті жоспарларымды құрып,бос уақытымды тиімді өткізуге қолданамын.Мысалы азанда тұру,жуыну,жатьығу жасау,тамақ ішу,мейтепке бару т.Б секілді.Осыған байланысты мен еріншектікті жойдым.Енді мен уақытымды тиімді пайдаланамын деген шешімге келдім

4,6(100 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dshmz
Dshmz
11.09.2020

Негізгі бет > Ертегілер

 Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісіҚазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс ЖасауОрманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қуып шығамын.
— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
— Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.
4,4(47 оценок)
Ответ:
orudcovamilana
orudcovamilana
11.09.2020
Басында ол жай ғана көмекші болды. Негізі көмекші болған қиын. Бастығың бар жұмысты саған асып қояды. Көмекшілер өте маңызды рөлде. Жаныңнан табылатын көмекші болған қандай жақсы. Өйткені көмекшінің атқаратын әрекеті де сол. Сөйтіп әр адамның көмекші досы я танысы болады. Тіпті құдайдың өз көмекшілері бар. Көмекші- бұл өмрдегі негізгі механизм. Менде анамның көмкшісімін.

В начале он был простым В основном быть тяжело. Начальник повесит всю работу на тебя играют важную роль. Как хорошо что всегда есть Потому что И так у каждого человека есть друг или знакомый. Даже у создателя есть свои основной механиз в жизни. Я тоже мамы.
4,5(70 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ