Қамшы туралы кейбір тілдік мәліметтерді Қазақ совет энциклопедиясынан да (ҚСЭ) кездестіре аламыз. Жұмсалу орнына қарай ол ‘’ат камшы, арба қамшы, түйе камшы, соқа қамшы’’ деп аталса, өріміне қарай ‘’төрт таспа камшы, бестаспа қамшы, сегіз өрім, кырық өрім қамшы, он екі таспа камшы’’ деп аталады [3]. Қамшының кішкене шағындау түрін аймақтық тілде ‘’тай қамшы’’ деп атайды: "Төбесінде тұлымшағы бар дөңгелек тақиялы қолына тай қамшының сабын сәл ұзын жіңішке қара таяғы өзіне ғана жарасқан " (Есенжол Домбай. Жаман Жәутік, 1980, 205-6.). Қамшы сабының ‘’тобылғы, ырғай, еліктің сирағы’’ т.б. заттардан жасалатыны белгілі. Кейбір өрімшілер ‘’ат қамшының’’ сабын қайыстың өзінен тығыз етіп өреді. Оны ‘’өрме сапты камшы’’ дейді. Қамшыны, негізінде, мықты қайыстан өреді. Түйелі елде шідер, шылбыр, қамшы ‘’түйенің құйыршығынан’’ істеледі. Ал құйыршық дегеніміз "түйенің ұзын құйрық терісінің ортасынан тілгендегісіндей етіп бөлек алған тері" [4]. Қамшы өрудің шеберлерін қазақтар ‘’өрімші’’ деп арнайы атаған. Кейбір ‘’өрімшілер’’ әдетте өрімнің ұзындығын қамшы иесінің тұтамына лайық өруге тырысқан. Өрімшілікті айтылатын мына сөз осы бір ерекшелікке байланысты болуы керек.
Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым. Ол жақта жаным ерекше рахат тапты. Сонымен қатар Абылай хан алаңы мен тағын көрдім. Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немес Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін.
Объяснение:
вроде дурыс
Суреті барма
Объяснение:
Ато саған жауабын қалай көрсетем