М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Максек1337
Максек1337
02.05.2021 20:46 •  Қазақ тiлi

Теседі егіншілік дегеніміз не​

👇
Ответ:
kdjdjd1Dndnd
kdjdjd1Dndnd
02.05.2021

Егіншілік – 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.) тығыз байланыс

4,6(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lolSashalolo
lolSashalolo
02.05.2021

                                   Кiрпi мен қарға

                                     Ёж и ворона.

Баяғыда кiрпi мен қарға дос болыпты.

Давным-давно ёж и ворона друзьями были.

Бiр күнi кiрпi қарғаға келдi.

Однажды ёж к вороне пришёл.

– Қарға, менiң тоным жаман, тiкенек. Сенiң тоның жақсы, жұмсақ, үлпiлдек. Маған тоныңды бершi.

– Ворона, моя шуба плохая, колючая. Твоя шуба хорошая, мягкая, пушистая. Мне свою шубу дай Ал мен не киемiн?

– А я что одену?

– Сен менiң тонымды киесiң.

– А ты мою шубу оденешь.

– Жарайды, – дедi қарға.

– Хорошо, – сказала ворона.

Олар тондарды айырбастады.

Они шубами поменялись.

Бiрақ кiрпi алма жинай алмады, түлкiден қорғана алмады. Ал қарға ұша алмады. Кiрпi қайтадан қарғаға келдi.

Но ёж яблоки собирать не мог, от лисы защищаться не мог. А ворона летать не могла. Ёж снова к вороне пришёл.

– Қарға, менiң тоным жақсы екен. Мен алма жинай алмаймын, түлкiден қорғана алмаймын.

– Ворона, моя собственная шуба хорошая, оказывается. Я яблоки собирать не могу, от лисы защищаться не могу.

– Ал мен ұша алмаймын, барлық қарғалар менен қашады.

– А я летать не могу, все вороны от меня убегают (избегают меня) .

Әркiмнiң өз тоны өзiне жақсы.

Каждому своя шуба хороша.

Подробнее - на -

4,4(3 оценок)
Ответ:
supanzerbe
supanzerbe
02.05.2021

Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті.

Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтті. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар.

Алау Эстафетасы – Универсиаданың ең жарқын оқиғасына айналды. Эстафета жоба географиясын бір қала масштабынан бүкіл ел масштабына дейін кеңейтті. Алау Қазақстанның 16 қаласына барып, жермен 200 астам километр және әуемен 2300 км жүріп өтті.

4,6(17 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ