От 1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі кестені толтыр. Ақпараттың дұрыс,
бұрыстығын тап. (Внимательно прочтите текст и заполните таблицу ниже. Узнайте, верна
ли информация или нет).
1) Мәтінге ат қояды (озоглавьте текст)
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең
бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар
ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзара
сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы
мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып, бір-
бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани
құндылықтар біріктіреді.
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты
әр түрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге
шығарып, ақ дастарқан жайған. Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге
қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық дәстүрлер
ертеден қалыптасқан. Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін
беру және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген
сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл
атқарады. Себебі «Отан отбасынан басталады».
2 Ақпараттың дұрыс, бұрыстығын тап. (Узнайте, верна ли информация или нет.)
Ақпараттар
Отбасы мүшелері бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастырып, әр
мейрам сайын сыйлық жасайды.
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол
отбасы ең бақытты жанұя болып саналады.
Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, қонаққа барады.
Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу,
сияқты отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан.
Қазақ жанұясында мерекелерді қарсы алу дәстүрі ертеден
қалыптаспаған.
Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақбатырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақбатырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады.
Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында "әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.
Объяснение: