«Мектептегі домбырашылар сайысы».
Өткен аптаның жұма күні мектебімізде домбырашылар сайысы өткізілді. Сайысқа 5-9 сынып окушыларынан 15 оқушы қатысты. Әділ қазы мүшелері мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі, К.Байсеитова атындағы музыка колледжінің оқытушысы және Мәдениет үйінің директоры болды. Сайыс екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде үй тапсырмасы ретінде оқушылар қалаған шығармасын орындаса, екінші кезеңде тыңдалған күйді барынша жақсы қайталауға тырысты. Бірінші кезеңнен 8 оқушы сүрінбей өтті. 3 оқушы жүлделі орынға ие болды, олар: 1 орын - 8 "а" сынып оқушысы Ахметов А., 2 орын - 7 "в" сынып оқушысы Асанов Е. және 3 орын - 5 "г" сынып оқушысы Серікова М. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалалық музыкалық сайысқа жолдама алды. Барлық қатысушылар дипломмен марапатталды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.
1) Ол өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихы қиын болды. Жоңғар қалмақтарының қазақ жеріне баса көктеп кіруі. Халық басына түскен бас ауыртпашылықты Бұқар елімен бірге көрген.
2) Абылай хан- қазақ халқының әйгілі ханы, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.
Оның заманындағы ақын жыраулар - Бұқар, Қазыбек би, Сырым Датұлы, Төле би және т.б.
3) Оның толғаулары:
Абылай ханның қасында
Ал тілімді алмасаң
Әй Абылай Абылай
Қазақтың ханы Абылай
Ханға жауап айтпасам және т.б
4)Бұқар жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген – белгілі фольклорист, ақын, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеев.