АЙТЫЛЫМ 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
• Қандай елді мекен «қала» деп аталады?
• «Қала» деген атқа ие болу үшін не назарға алынады?
• Қазақстанда неше ірі қала бар?
• Қала мен ауылдың айырмашылығы неде?
• Қалада қарбалас тіршілік нешеде басталады? Не себепті?
• Қала шулы ма? Не себепті?
Оқылым
3-тапсырма. Мәтінді оқы.
Мәтіндерге тақырып қой. Екі мәтінді салыстыр.
1. Қазақстанда қалалық мәдениет ерте ғасырлардан басталған. Ежелгі Қазақстан жерінде Отырар, Түркістан, Мерке, Аспара, Тараз, Талғар, Құлан, Құмкент, Жаркент, Сайрам, Сарайшық, Алматы және т. б. көптеген көне қалалар болған. Отырар қаласы Арыс пен Сырда-рия өзендерінің қосылған тұсында орналасқан. Ежелгі Отырар қыштан салған тамдары бар, көшелері кең, керуен кіріп-шығатын қақпалары бар көрікті қала болған. Осы қалада әлемнің екінші ұстазы — Әбу Насыр әл-Фараби туған.
Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. «Түркістан» сөзі «түріктер мекені» дегенді білдіреді. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар («Сен білесің бе?» энциклопедиясынан).
2. Алматы — әсем, арман қала. Қазіргі кезде Алматы қаласы — үлкен мегаполис. Ол күннен-күнге көркейіп, өсіп келеді. Зәулім ғимараттар ерекше әдемі.
Ауылдық жердегідей емес, Алматыда қызу тіршілік бір тоқтамайды. Мен достарыммен ойын-сауыққа барамын, отшашуды тамашалаймын. Хауызға түсемін. Мен Алматыны жақсы көремін.
Жазылым
6-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айт.
Пікір. Мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды жаз. -тапсырма. Жақшаның ішіндегі тиісті сөздерді қойып жаз
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы:қазақтарға тән бауырмалдық,ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әрхалықта әр қырынан көрініс береді. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап,бірін-бірі толықтырады.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын,қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне,ырымына, қарай қалыптасып, келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той-думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу.
Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді