Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Шалкиіз - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
Төл тарихымыздың жадымыздан ешқашан өшпейтін зұлмат бір кезеңі – жоңғар шапқыншылары тудырған, халқымызға алапат қырғын әкелген «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қасіретті жылдары. ел басына күн туған осынау заманда ұлт намысын аяққа таптатпауды серт еткен ерлер бес қаруын асынып, атқа қонды. атамекенімізді қасық қаны қалғанша қорғаған сол батырларымыздың есімдері қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріппен жазылып қалды. ел-жұрты ардақтап, көзі тірісінде-ақ ерлікпен өрілген өнегелі істерін аңызға айналдырған алыптар шоғырынан әсіресе, қаракерей қабанбай, қанжығалы бөгенбай, шапырашты наурызбай батырлар тұлғалары айрықша асқақтап көрінеді. бұқар жырау «ошақтың үш бұтына» теңеген бұл үш батыр абылай ханның ту ұстаушы бас батырлары, сенімді серіктері болған. тәуба, қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіндегі қазақ батырларының тарихи рөлі тәуелсіздігімізді алғалы бері біршама айқындалып, бүгінгі таңда зор тағылымдық мәнге ие болып келеді. осынау игі іске қал-қадерімізше үлес қосу мақсатында біз де «аңыз » журналының алдыңғы екі нөмірін қабанбай һәм бөгенбай сынды асылдарға және олармен шайқас даласында үзеңгі түйістіре қатар найза сілтескен ер замандастарына арнаған болатынбыз. ал бұл жолғы нөміріміз үшем батырдың жас жағынан кішісі болғанымен, атақ-даңқы жағынан ағаларынан еш кем түспейтін жампоз ер шапырашты наурызбай батырға, сондай-ақ наурызбаймен бірге жау қолын қазақ жерінен түре қуған ұлы жүздің жаужүрек батырларына арналып отыр. алайда, нөмірді дайындау барысында қынжылтқан жайт: наурызбай батыр туралы деректер аса көп емес екен. тарихшыларымыз негізінен, сол аз дереккөздер қатарындағы бұқар жыраудың толғауларына, қазыбек бек тауасарұлының «түп-тұқианнан өзіме шейін» деген кітабындағы мәліметтерге, шәді төре жәңгірұлының «тарихат» дастанына сүйенетінін байқадық. сондай-ақ, наурызбай батырмен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелескен ресей патшасының жоңғар қоңтайшысы қалдан серенге жіберген елшісі карл миллердің күнделігі де құнды дереккөзіне жатады. тарихшыларымыздың баяндауларын саралай отырып тағы бір байқағанымыз – осыған дейінгі зерттеулердің өзінде бірізділіктің жоқтығы. соның бір мысалы, наурызбай батырдың әкесінің аты әр жерде әртүрлі жазылады. қазыбек бек тауасарұлының кітабында наурызбай құттымбетұлы болып жазылса, «қазақстан» ұлттық энциклопедиясында наурызбай құтпанбетұлы делінген. дұрысы қайсы? бұл орайда белгілі тарихшы талас омарбеков: «біздің ойымызша, тарихи шындық наурызбайдың әрі замандасы, әрі туған әкесіндей болған қазыбек бек тауасарұлының жағында деп білеміз. олай болса, наурызбай тарихымызда құттымбетұлы болып жазылуы керек», – депті. жалпы, тарихшыларымыздың сұхбаттары мен қолда бар әдеби-тарихи деректер арқылы көз жеткізгеніміз: наурызбай – ең алдымен, батыр. бас батыр. талай ұрыста қол бастаған, қазақ жасағын жеңіске жеткізген көреген қолбасшы, шебер ұйымдастырушы. ғалым з.ғайыповтың жазғанына сүйенсек, «аңырақай» шайқасында «өрсеткен ерлігі үшін батырға ата- бері келе жатқан «соқман» лауазымы берілген. бұл лауазым жаудың іргесін ыдырата сөгуде ерекше ерлікке ие болған батырларға ғана берілген». сондай-ақ, ол – елшілік қатынастарға да араласқан мәмілегер, ел қамын, ер тағдырын ойлаған саясаткер. кей тарихшылардың айтуынша, алла тағала бабамызды тіпті әншілік, күйшілік, сазгерлік, ақындық қасиеттен де құр қалдырмаған көрінеді. сұхбаттарды оқи отырып, әсіресе, рухың еріксіз атойлап шыға келетін тұстар – наурызбай сынды азулы батырдың жоңғар батырларымен жекпе-жекте таудай алып тұлғасымен жаудың зәре-құтын алып қана қоймай, ересен күш-қайраты мен жете меңгерген айла-әдістерінің арқасында қарсыластарынан алапатын асыратын жеңісті сәттері. ұрыс даласының жекпе-жек дейтін қатал заңы бойынша тілеулес жұрты додаға үкілі үмітпен шығарып салатын, қос батыр ел намысы үшін арпалысатын осындай сын шақтарда наурызбай батыр көксүңгісін қаскелеңнің жауырынына бойлай қадаса, шамал ханды шоқпарымен бір ұрғанда-ақ жер жастандырған.
Концерт (нем. konzert, итал. concerto, сөзбе-сөз келісу, лат. concerto – бәсекеге түсемін) – 1) алдын ала арнайы жасалған бағдарлама бойынша музыкалық, әдеби-хореографиялық және сахналықшығармаларды көпшілік алдында орындау; 2) жеке музыкалық аспап (кейде 2 – 3 жетекші музыкалық аспап) пеноркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма. Жеке орындаушы мен оркестрдің өзара жарысын көрсете отырып, оларды салыстыру Концерттің негізгі мақсаты болып табылады. Концерт 3 бөлімнен (1-бөлімі өте жылдам; 2-бөлімі лирикалық, байсалды; 3-бөлімі рондо формасында) тұрады. Әдетте, Концерттің 1-бөлімі аяқталар алдында (жетекші аспаптың оркестр сүйемелінсіз) импровизациялықсипатта асқан шеберлікпен солоорындалады. Концерттің 2, 4 кейде 5 бөлімді түрлері де кездеседі. Жеке аспап пен оркестрге арналған 3 бөлімді циклдік Концертті алғаш жазған итальянкомпозиторы А.Вивальди (1678 ж. ш. – 1741) болса, одан кейін И.С. Бах скрипка,клавир үшін Концерттер жазды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Шалкиіз - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
Объяснение:
100•/°