М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ress1133
ress1133
15.10.2022 16:08 •  Қазақ тiлi

«Барсакелмес қорығы туралы аңыз» мәтінін оқып, мазмұны бойынша
4 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.
3.
4.​

👇
Ответ:

Объяснение:

Кім біледі айтындаршы

4,8(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Alikman123
Alikman123
15.10.2022

Хеопс пирамидасының сырлары.

Пирамиданы адам салғаны рас па?

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.

 

Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді.

 

Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.

 

Таңғаларлық деректер

 

Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.

4,4(40 оценок)
Ответ:
вадимм2
вадимм2
15.10.2022
Соз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:Қайрат баяндады;балаларға баяндады;Досанмен болған;болған әңгіменің;әңгіменің мән-жайын;мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сөз тіркесіне талдау  
1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз.  
2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз.  
3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз. 
4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз.  
Талдау үлгісі:  
Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім.  
Мен кездестірдім.  
Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.  
1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу.  
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас.  
Әншіні кездестірдім.  
Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.  
1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру. 
4,4(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ