Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Көршінің ауласына кіре бергенім сол еді, ит арс ете қалды.
Түнімен жаңбыр тырс – тырс етіп, терезені ұрып шықты.
Сөйлей бергенім сол еді, Әсет мырс етіп күлді.
Сабаққа үш – төрт оқушы ауырып келіп, сабақ бойы күрс – күрс жөтелумен болды.
Алыстан найзағай жарқ етіп, күн күркірей түсті.
Мәди суға күмп беріп, көзге көрінбей кетті.
Кенеттен болған дыбыстан селк ете қалдым.
Турап жатқан қиярым жерге салп етіп түсіп кетті.
Қоңыр салқын желден өсімдіктер желп - желп етіп тұр.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыну, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң алған білім.