М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SherlockloveMoriarty
SherlockloveMoriarty
10.11.2022 11:53 •  Қазақ тiлi

Арғы аталарының түтін түтеткен үйі. Қазақ дәстүрі бойынша бір әкеден туған ағайындылар ержетіп, бастарын құраған соң, өз алдарына отау тігіп, бөлек үй болады да, бірі ғана сол шаңырақта әке-шешесінің қолында қалады. Әке қайтыс болғанда, өзге ұлдарына отау көтергенде бөліп берген еншілерінен өзге сол үйдің бар дәулеті шаңырақ басқан ұлдың иелігіне көшеді. Әдетте, әке шаңырағында кенже ұлы қалатын болған. Әке шаңырағын «үлкен үй» деп атап, отау иелері құрмет тұтқан. Ал бұл шаңырақ осылай бірнеше ұрпаққа ауысса, ата-бабадан жалғасқан қара шаңырақ деп аталады. Бірге туысқандар өз әкелерінің шаңырағын қара шаңырақ деп емес, «үлкен үй» деп атаған.
Демек, қара шаңырақ ұғымы «үлкен үйден» де жоғары, қастерлі ұғым. Көне дәстүр бойынша қазақ кемінде жеті атасынан бергі қара шаңырақты жақсы білген.
Қара шаңырақ – бір әулеттің тараған түп тамыры. Оны сыйлау – ұлтын сыйлаудың алғашқы баспалдағы. Кешеге дейін қара шаңырақта отырған азамат атадан жалғасқан бақ-берекенің ұйытқысы ретінде сол әулеттің қадірлі азаматы саналатын. Барлығы құрметпен қарайтын. Жиын тойда, сый дастарқан басында сол қара шаңырақ иесі жасы кіші болса да, төрден орын алатын. Айналасындағы ақсақал, көксақалдардың өзі «қарағым, сен қасиетті қара шаңырақтың иесісің, жасың кіші болса да жолың үлкен, асқа батаны сен жаса» деп кішілік танытып жататын.
Қазіргі кезде қоғамдық тұрғыда ынтымақ-бірлікті бекемдеуге байланысты отбасы дегеніміз кішкентай мемлекет, «Отан отбасынан басталады» дегенді көп айтамыз. Бұл да «халқыңды, ұлтыңды сүю отбасыңдағы сыйластықтан басталады, шыққан ортаңды құрметте» дегенге саяды. Одан әрі алғашқы буын әке, сосын ата-бабаны сыйлау қазақ деген ұлтыңды сыйлауға, қара шаңырақты қастер тұтуға жеткізері қақ.

3 – тапсырма: Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз
Тірек сөздер:

👇
Ответ:
Lososepotam
Lososepotam
10.11.2022

Ата,әке,дәстүр,үй,шаңырақ,азамат

Объяснение:

жетеді деп ойлаймын

4,6(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
MuclePan
MuclePan
10.11.2022
Мен сыныбыммен мақтанамын. Менің  сыныбым  мектептегі ең үлгілі сыныптардың бірі. Сыныбымыздан биші де, әнші де, ақын да,оқу озатын да таба аласыз.Мектеп ішінде орындалатын шарттарды бұлжытпай орындаймыз. Мерекелік жұмыстарға да белсендіміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар»,деп дана халықымыз бекер айтпаған.
Біздің сыныбымыз Өзін-Өзі тану пәніне арналып жабдықталған. Ісіңіз болып бас сұға қалсаңыз,деміңізді ішіңізге тартып рахаттанып қаласыз.Өйткені, ішінде адам көңілін сергітетін жайлылық күйі орналасқан.
Бойлары білімге толы оқушылар мен көзі мен сөзі мейірімге толы біздің ұстазымыз сізді қарсы алады.Қоңырау арасында, сабақтан тыс уақыттарда шахмат,дойбы ойнаймыз.Мақал-мәтел жасыру, қызықты логикалық ойындар ұйымдастырамыз.
Әрине, бұл мәртебенің барлығының себепкері сынып жетекшіміз Мадина Мұқанқызы мен тәрбиешіміз Күләш Кәрібайқызы.Ол кісілердің таусылмас тағылым сөздерін біз үнемі ұстанып,ұстаздарымыздың атына кір келтірмеуге тырысамыз. Міне, менің сыныбым осындай!
4,7(19 оценок)
Ответ:
katenkaklimcuk
katenkaklimcuk
10.11.2022
Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, құнды, сүйікті ел. Бұл менің отаным ...
Біздің ата-бабаларымыздың қоныс аударуына, игеруіне, оны жаулардан қорғауға және қазіргі уақытта бізге мұра беруге көшіруіне бірнеше ғасырлар қажет болды. Өткен ұрпақтардың үлесі қанша еңбек, тер және қан, қуаныш пен азапқа ұшырады. Біздің халқымыздың поэтикалық мұрасы біздің туған өлкеміздің сұлулығының, оның шексіз кеңістіктерінің, қарлы-ақ тау шатқалдарының, көлдердің ашық суларының көптеген қызықты суреттерінен тұрады.
4,6(35 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ