Окы Ты м 4-тапсырма. Мәтінді оқып, әр абзацтағы ойдың берілу тәсілдерін аныкта
(ақпарат беру, талдау, қорыту, хабарлама жасау).
Адам денсаулығының жақсы болуына оның көңіл күйі мен теңі-
регінде болып жатқан жағымды өзгерістердің маңызы ерекше. Қуа-
ныш, сүйініш, таңдану, сүйіспеншілік сезімдері адамның денсау-
лығына жақсы әсер етеді. Оның дене құрылысының өсіп-жетілуін
жақсартады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал болмашы нәрсеге
күйіну, қайғы-қасіретке түсу немесе біреудің табысына қызғаныш біл-
діру, жек көру сезімдері адамның денсаулығын нашарлатады.
Әлемге әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина ауруларды емдеп, сауықты-
руда дәрілер мен хирургиялық әдістерден бұрын жылы сөздің қажет-
тігін айтқан. Біздің ата-бабамыз сөздің әсер ету күшін біліп, көптеген
мақал-мәтелдер қалдырған: «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жылы сөз
жанға қуат береді», «Жақсы сөз жанды айықтырады, аурудың жазы-
луына жәрдемін тигізеді» т.б.
Адамның рухани күйі мен ішкі сезімі - денсаулықтың кепілі. Көңіл
күйді жадыратып, жүрекке жылы тиетін жақсы сөздер деніңіздің сау
болуына әсер етеді. Себебі жан мен тән егіз. Халқымыздың «Жаны
саудың Тәні сау» деген мақалы өмірден алынған.
(«Денсаулық - халық байлығы» кітабынан)
Таза ауа–денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Ауа мөлдір түссіз.Ауаның пішіні жоқ. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, ол бүкіл ағзаға тарайды. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды. Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Ауаға зиян келтіретін экологиялық жағдайлар болады.
Ал жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтауы үшін ірі кәсіп орындар фабрика, зауыттар, жылу орталықтарының моржаларына қондырғылар орнатылады.Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде ұлы заттарды бөліп шығарады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандыруды маңызы зор.
Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Әр адам жасыл өсімдіктерді отырғызуға атсалысуы керек.