Оқушылар екі валентті мыс сульфаты CuSO4 ерітіндісімен тәжірибе жасады. Тұз ерітіндісі бар құтының біріне X металын салды, келесі құтыға – құрамында Y металы бар құймадан жасалған шеге салды. Бірнеше сағаттан кейін қандай өзгеріс болады? Ерітінділер түсін өзгертті, яғни мыс сульфаты ерітіндіде жоқ.
Белсенді металдар – X және Y сульфаттағы мыстың орнын басып жаңа тұздар түзді. Металдар X және Y тотығып, мыс тотықсызданды.
Жүйрік ат
Атам менің туған күніме кішкене құлын сыйлады. Мен өте қатты қуандым, себебі бұл - өте құнды сыйлық. Сонымен қатар, өте үлкен жауапкершілік.
Мен оған ырымдап, Қобыланды батырдың Тайбурылындай жүйрік болсын деп, Тайбурыл деген ат бердім. Менің құлынымның түсі - қоңыр, құлағы - үлкен, жалы - қара, ал құйрығы болса, ұзын. Сонымен қатар, жүйрік жылқының сипатындағыдай, бет әлпеті шығыңқы, маңдайы жазық, дүрдек ерінді.
Мен қалада тұратындықтан, оған көбіне ауылда атам мен көкем қарайласады. Демалыста ауылға баруға асығып тұрамын.
Болашақта менің құлыным нағыз жүйрік болады деп сенемін.