(Өзім құрадым) Сұрақтар:
1. Ол өзінің қаранғы қазақ көгіне өрмелеп кім болам деген?
2. Осы жерде қазақ халықының, қиын кездері көрсетілген.Ол осы кездерде қазақ халқы қызығын көруге не істейді?
3. "Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!"-деген жолдарындағы мағынасы қандай?
(Егер жауап керек болса міне) Жауаптары:
1. "Өрмелеп шығып, күн болам!"-деген.
2. Еңбек,бейнетке таратады,рақатқа сарқылайды,халық күн көруге еңбектенеді.
3. Халықтын жағдайы жоқ болғандықтан, ол оны дұрыстатуға еңбектенеді. "Мұздаған елдің жүрегін"-ел қиын жағдайында болғаны, "Жылытуға мен кірермін!"-ол өз елін барынша көмек бергісі келеді. Елі тыныш,рақатты,көңілді өмірді жасауға барынша көмек береді.
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.