М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lqoki11
Lqoki11
01.10.2021 14:26 •  Қазақ тiлi

-нұсқа Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Ертеде жануарлардың ішінде ең жүйрігі де, сымбаттысы да сиыр болыпты. Келе-келе сиырға менмендік пайда болады.
Бірде ол жайылымда жүрген жылқыға кездесіп:
– Ей, ашқарақ, менің сөзіме құлақ сал. Сен өмірі күйіс қайтармайсың, жетер осы жайылғаның. Менімен жарысасың ба? – дейді.
– Мейлі, жарыссақ жарысайық, - деп жылқы келісімін береді.
Олар өздеріне ыңғайлы жерді белгілейді. Жолдың ортасында суыр жарысқандарға су беріп отырды.
Бірден сиыр шаба жөнеліп, жылқыдан озып кетеді. Орта жолда ол:
– Суыр сасық, су қайда? – дейді көкіректеніп.
– Сиыр пасық, су мұнда – деп ызасы келген суыр сиырға көптен тұрып қалған суды ұсынады. Сиыр қарамастан сіміріп салады да, шауып кетеді. Сиыр бір қыр асып кетеді. Жылқы ентігіп жетіп, суырға:
– Суыр сұңқар, су қайда? – дейді.
– Жылқы тұлпар, су мұнда – деп суыр риза болып жылқыға салқын, таза суды ұсынады.
Салқын су бойын ширатқан жылқы сиырдан озып межеге бұрын жетеді.
Міне, содан бері жылқы баласы сұлу да сымбатты, жүйрік болыпты. Ал сиыр сол оқиғадан соң демігіп жүгіре алмай, шабан жүрісті болып қалған деседі.

1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз.
[1]
2. Мәтіннен сын есімдерді тауып жазыңыз.

[3]

3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.

1. Сиыр қандай жануармен жарысады?

[1]

2. Мәтінде қандай жануар сұлу және жүйрік болыпты?

[1]

4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.

I Ертеде жануардың ең сымбаттысы, жүйрігі сиыр болады.
II. Жылқы сиырдан озып кетеді
IІІ.Жылқымен жарысады.

A. II, I,ІІІ
B. ІІІ, II, І
C. I,ІІІ, ІІ
[1]

Жазылым

Берілген суреттерді қолдана отырып, басқа қалада тұратын досыңызға хайуанаттар бағына жасаған саяхатыңыз туралы хат жазыңыз. Хаттың құрылымын сақтаңыз (50-55 сөз

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lol1047
lol1047
01.10.2021
Шілдехана  шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. сондықтан оны “шілде күзет” деп те атайды. бұл ғұрыптың түпкі мәні мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. дәстүрлі қазақ қоғамында үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп жолатпай, мен анасын жақсылап күткен (қ. қырқынан шығару). әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған
4,5(70 оценок)
Ответ:
lolikontu
lolikontu
01.10.2021
Міне, қазір күздің екінші айы. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады.
Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған.
Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
4,5(27 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ