Мәтінді мұқият оқып , берілген сұрақтарға жауап берініз . [ 10 ] Ана тілін жетілдірудін бірден - бір әлеуметтік ұясы – білім беру жүйесі . Бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе , жеңілдей қоятын емес Кейбір қалаларда қазақ мектептері жеткіліксіз , аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да , аз бөлігі казак сыныптары болып отыр . Бұл қазактын ұл - қыздарынын өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде . Жоғары білім беру саласында да студенттердің қазақ тілінде сөйлейтіндері кездесе бермейді . Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді . Орыстілді қазақ оқытушылары өзара да , студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі . 2 жыл бұрын еліміздегі белгілі университеттердің біріндегі қазақ және орыс тілі кафедралары қазақ тілін оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын . Содан мысалдар келтіре кетейік , « Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай ? » деген сұрақка 149 студенттің 11 % -ы « өте жақсы » және « жақсы » деп , 75 % -ы орта деңгейде , 14 % -ы ортадан төмен денгейде деп жауап берген , « Қазақ тілін білу денгейін төмен болса , оған не себеп болды ? » дегенге 1 % -ы « орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен » десе , 56 % -ы « отбасында , достарымен қазақ тілінде сөйлеспеу не аз сөйлесу » депті . 1. Мәтін қандай стильде жазылған ? 1.Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз . [ 2 ] 2.Мәтін қандай жанрда жазылған ? [ 2 ] ] 3. Автордың ойын өз сөзiнiзбен жазыныз , бірак айтылған әр тұжырымның соңында ойдын авторына сілтеме жасаңыз . _ [ 2 ] 4. Мәтін қандай мақсатта жазылған ? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз , 5.Мәтіннің құрылымын анықтаңыз . I. Kipicne ІІ Негізгі бөлім ІІ . Қорытынды
Айша бибі кесенесі.
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған.
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған.