Қазақ халқының жаңа жылы 22 наурызда тойланады. Бұл күні ата-бабаларымыз күн мен түн теңеледі деген. Барша жамағат үстеріне әдемі киімдерін киіп, бір-біріне жақсы тілектер айтып бір-біріне қонаққа барған. Әр үйдің шаңырағында наурыз көже пісіріліп қазан асылған. Ауыл ауыл болып жиналып ұлттық ойындар мен сайыстар өткізілген. Қазіргі таңда да Наурыз мейрамы салт дәстүр бойынша дүркіреп тойланып келеді. Жыл сайын қалаларымыздың орталық алаңында киіз үй тігіледі. Әр келген қонаққа наурыз көже мен қоса ұлттық тағамдар ұсынылады.
Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;
ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.
Объяснение:
мине