М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ПолЕчка11117
ПолЕчка11117
23.11.2022 14:35 •  Қазақ тiлi

Ескендір поэмасы эссе 200 сөз​

👇
Ответ:
УЕД
УЕД
23.11.2022

Объяснение:

Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендір екеуінің сөздері мен іс-әрекетінен шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.

4,7(89 оценок)
Ответ:
Yasik228
Yasik228
23.11.2022

Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.

Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

«Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға.

Тоя ма адама көзі мың мен санға?

Жеміт көз жержүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді.

Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендір екеуінің сөздері мен іс-әрекетінен шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.

Объяснение:

4,7(79 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sairma
sairma
23.11.2022

Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.

"Заман өзгерді ме,адам өзгерді ме?" деп жатамыз.Меніңше,адам өзгерді.Себебі,бүгінгі таңда адамдар біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін жаңалықтар ашып,өнертабыстарды жасап шығаруда.Ал олар туралы жаңалықтар қас пен көздің арасында тарайтыны шүбә келтірмейді.Себебі,бізде ғаламтор дейтін "өрмекші торы" бар ғой.

Өнертабыстың адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын.Тіпті, өнертабыссыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес.Алпауыт өнертабыс саналатын, барлығымыздың көз алдымызда жүрген компьютердің өзі адам кәдесіне жарап-ақ жүр.Небір ғалымдар күн,түн демей,көз майын тауысып,адам өміріне қажетті әрі көздің жауын алатын өнертабыстарды жасау үстінде.Әрине,көп ізденіс,көп тер қажет.Біз бұл өнертабыстарды қолдану себебіміз оның ыңғайлылығында деп білемін.Олар уақыт үнемдейді,адам істей алмайтын заттарды істей алады.Алайда олардың зияны да болатынын ұмытпаған жөн.

4,6(5 оценок)
Ответ:
Sasno228666
Sasno228666
23.11.2022
Маған ұнайтынына қарамастан, мектепті жақсы көремін. мектепті қалай жақсы көре аласың? себебі бұл сіз қоғаммен және познавать қарым-қатынас жасауды үйренетін орта. Сіз мектепте барлық пәндерді: биология, география, алгебра, орыс, қазақ және ағылшын тілдерін, физика, геометрияны үйренесіз. Мектепте әрдайым қызықты.

я люблю ходить в школу , хоть ее и недолюбливают . как можно не любить школу ? ведь это та среда где вы учитесь общаться с общественностью и позновать себя . в школе вы познаете все предметы : биологию , географию , алгебру ,русский , казахский и англиские языки , физику , геометрию . в школе всегда интересно .
4,5(50 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ