10.E)
Жүз теңгең болғанша-Жүз досың болсын,- дегендей. Мен сыныбымдағы оқушылардың бәрін жақсы көрем, шын дос ретінде берілген тапсырмаларды бірге орындаймын. Жалпы менің досым көп.
Соның ішінде менің нағыз адал, жандосым бар. Екеуміз айырылмас дотармыз. Екеуміздің жұбымыз жазылмайды. Қиын кезде екеуміз бір-біріміздің жанымыздан табыламыз.Екеуміз кішкентай кезімізден бері доспыз. Екеуміз мектепке бірге барамыз, сабақты бірге оқимыз.
Екеуміз көрші тұрамыз. Үй тапсырмасын бірге орындаймыз. Менде жоқ кітаптар досымда бар, Дсымда жоқ кітап менде бар. Екеуміз барымызды бір-бірімізден аямаймыз. Менің досым қуанышта да, қайғыда да жанымнан табылады. Менің осындай адалда, шыншыл досымның барына қуанамын.
Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ үшін қасиетті есім.
Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы... ретінде жақсы біледі.
Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ үшін қасиетті есім.
Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы... ретінде жақсы біледі.
Биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдығын атап өтуде. Жұртшылық жақсы білуі тиіс, Байтұрсынұлы әйгілі Қарқаралы петициясы авторларының бірі болды. Осы арыз-тілекте жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне Қазақ елінің мүддесіне сай өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстау еркіндігі, күні өткен Дала ережесін қазақ мүддесіне сай заңмен ауыстыру және басқа да мәселелер көтерілді. Дәл осы кезден Байтұрсынұлының саяси қызметі басталды деуге болады.
Оның алғашқы кітабы - «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Осы кітаптың өзінде отаршылдықтың зорлық-зомбылық, елдің тұралаған халін тұспалдап болса да жеткізді.
Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал «Тіл - құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.
Ол ұлтына, қазақ халқына қызмет етті. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл».
Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді.
20 ғасырдың 20 – 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Солардың ішінде Ә.Қастеев өзінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
Объяснение:
Алғашқы қазақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды.
Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түркісіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таңғалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.
1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.