М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
никитоз5
никитоз5
24.04.2020 12:07 •  Қазақ тiлi

Неологизм сөздерді қатыстырып тақырыпқа қатысты-7-8 сөйлем жазындар Неологизм сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер умаляю

👇
Ответ:
пир14
пир14
24.04.2020
ответ:неолонизм-қолданыстағы көп сөздер,тілге алғаш енгізілген сөздер,уақыт,техниканың дамуындағы байланысты сөздерді айтамыз.Мысалы:зымфран,ұжым,мәзір,ермексаз т.б. Неологизм сөздің жасалу жолы:1)түбір,жұрнақ жалғану арқылы.2)жалқы және жалпы есімге айналу арқылы.3)екі сөздің бірігуінен 4)сөз тіркесі жасалуынан. Сөйлемдер:

Астана қаласында жұмысшыларға және зейнеттегі үлкен кісілерге ●жәрдемақы● беріледі.

2)Астанада бір мектепте өте көп ●сынып бар.●

3)Қазақстанның ●Елтаңбасы● көп жерде қолданылады.

4,5(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
irinawinchester666
irinawinchester666
24.04.2020

Жер асты қозғалыстарының әлдебір сиқыр құдіретімен ғайыптан пайда болып, кейін байтақ әлемнің төрінде мәңгі-бақи орнап қалатын ақар-шақар асқар шыңдар сияқты, адамзат алдындағы қадір-қасиеті тек бір ғана ғұмырдың ауқымымен өлшенбейтін елден ерек ерекше тұлғалар пенделер арасынан арагідік ұшырасып жатады. Солардың бірі – дауылпаз ақын, қазақ халқы үшін отқа да, суға да түскен есіл ер, даңқты батыр, көтеріліс сардары Махамбет Өтемісұлы.

М. Өтемісұлы – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатқан аса талантты тұлға. Ол ұлы даланың өр мінезді перзенті, батырлық пен ақындықты, қайсар рух пен зорлыққа қарсы үн көтеріп, азаттық, бостандық, теңдік туын желбіретті, әділетсіздікке қарсы өліспей беріспеу идеясының нағыз жаршысы ретінде бағаланды.

Табиғат бір Махамбеттің басына батырлықты да, ақындықты да аямай бере салған. Есіл ер қарсыласқан жауымен сарт та сұрт айқасып қалғанда найзасымен іліп түскен, тілімен тіліп түскен, семсерімен ойып жіберген, сөзімен сойып жіберген. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар осы құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да дана тұлға!

Махамбет поэзиясы ерлік, батырлық поэзиямыздың заңды жалғасы, барынша мықты дамыған түрі деуіміз керек. Махамбет ақындығы – жорық үстінде, ат жалында, күрес, майдан сахнасында өскен, шыныққан, күшейген ақындық.

Анықтап қарасақ, Махамбет жетіскеннен ақын болайын демеген секілді. «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» қолына қалам немесе домбыра алмай, найза мен қылыш ұстап, «мұздай темір құрсанып», «Қу толағай жастанып», «Садағына сары шіркей үймелеп», «түн қатып жүріп түс қашқан» жағдайда іштегі ызасы мен кегін, өксігі мен арманын айту үшін амалсыз ақын болған секілді көрінеді.  Ол өлеңді «бес қарудың бірі» – деп ұғады.

Объяснение:

4,8(35 оценок)
Ответ:
Katranov2016
Katranov2016
24.04.2020

Жер ғаламшарындағы экологиялық қиыншылық өзекті мәселе.Осы өзекті мәселелердің кезек күттірмей,қолға алу керек мәселенің бірі-судың ластануы және ондағы балықтардың қырылуы.Судың ластануы биологиялық,химиялық,физикалық ластану болуы мүмкін.Елімізде судың сапасы,ластану деңдейі үнемі бақылуға алынып отырады.Өнеркәсіп қалдықтарымен судың ластануы өте қауіпті,су ластанып суда тіршілік ететен балықтардың қырылуына әкелеп соғады.Елімізде Жайық өзенінен өлі балықтар көптеп табылған.Оған кінәлі кәсіпорын болуы мүмкін.Өзенге хлоры бар заттарды төгу-балықтардың қырылуына әкеп соғады.Қазақстанда өзен-көлдердің ластануы өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда сипат алуда.Атырауда бекіре өсіретін шаруашылықтада балықтар көптеп қырылған.Оған кінәлі өзен-көлдерге жіберілген химиялық қалдықтар.Сондықтанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтар,өнеркәсіп орындар,ауыл шаруашылығын химияландыру жүйелерін қатаң бақылауға алған дұрыс.Өзен-көлдерге қалдықтардың құйылуына жол бермеу керек.Қазіргі заманда экологиялық проблемалар алдыңғы мәселелердің біріне айналып отыр.Адамның табиғат берген байлығының бірі-су.Су мен ондағы балықтарды қорғай білейік.

4,8(26 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ