М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Hactenьka
Hactenьka
03.02.2021 23:17 •  Қазақ тiлi

1 из 3 «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Баяғыда бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін – бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесі бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.  

         Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір таба нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.

- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
i
- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.

- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.

         Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

(188 сөз Zharar.com)

1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз

                                                                                                                                                [1]  

 2.    Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша толық жауап жазыңыз.

А.  Бай кедейден не сұрады?

          [1]

Б.  «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» деген мақалдың мағынасы неде?

                        

                                                                                                                                                   [1]

2 из 3

3. Мәтіннен кедейдің іс – әрекетін тауып жазыңыз.

   [1]

4. Сөйлемдерді мәтін бойынша рет – ретімен орналастырыңыз (1,2,3,4)  

Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді

«Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен»

Байдың үйі кең, әдемі болыпты

Кедей бәрібір көнбейді [1]

Жазылым

         Демалыс күндері хайуанаттар бағына барған баланың алған әсері туралы ағаңызға  хат жазыңыз (50-55 сөз). Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз.  
это соч

👇
Ответ:
Zarinka952
Zarinka952
03.02.2021

1. Екі көрші

2. Бай кедейден бір үзім нан

3. Алтын, күміс адамға қарны ашқан кезде тамақ бола алмайды. Арпа бидайды жеп қарын тойдыруға болады. Қиын күнде аш қалмайсың.

3. Кедейдің бір кесек алтынға бір үззім нан ауыстырмағаны.

4.1) Байдың үйі кең әдемі болыпты

2)Бай алтынын көтеріп

3)Кедей бәрібір көңбейді

4)Алтын, күміс-тас екен

Жазылым

4,8(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kristinabuslae
kristinabuslae
03.02.2021

Объяснение:

ответ:Келіп қалды-жедел өткен шақ, ертең келіп қалады-ауыспалы келер шақ, келіп жатыр- нақ осы шақ.

Танымады-жедел өткен шақ, ертең танымас-ауыспалы келер шақ, танымай жатыр- нақ осы шақ.

Киген-жедел өткен шақ, ертең киеді- ауыспалы келер шақ, киіп жатыр-нақ осы шақ.

Мазаңды алды-жедел өткен шақ, мазаңды алады- ауыспалы келер шақ, мазаңды алып жатыр-нақ осы шақ.

Шайқалды-жедел өткен шақ, шайқалады-ауыспалы келер шақ, шайқалып жатыр-нақ осы шақ.

Үсік шалды-жедел өткен шақ, үсік шалады-ауыспалы келер шақ, үсік шалып жатыр- нақ осы шақ.

4,6(92 оценок)
Ответ:
МияV
МияV
03.02.2021

Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-ыншы ғарышкері. Талғат Мұсабаев әлемнің 309-ыншы ғарышкері. Айдын Айымбетов әлемнің 545-інші ғарышкері

Бүгін - халықаралық ғарышкерлер күні. Бұл күнді қазақ халқы ерекше естеліктермен қарсы алады. Талай қазақ баласының ғарышкер болу арманға құлшындырып, аспан көгіне деген ынтызарлығын оятқаны анық. Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды. Олар - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Осы орайда ғарышкерлер күні қарсаңында қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен аспан әлеміндегі таңғажайыптары жайында қызықты деректерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

1. Тоқтар Әубәкіров КСРО-да алғаш болып МиГ-29К истребителін «Тбилиси» крейсерінен истребительге арналған трамплиннің көмегімен алғаш болып ұшырды. «Тбилиси» крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Бұл әдістің ерекшелігі: ұшақ трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, бірден көтеріліп кетуі керек. Ол әрине ұшақтың маторына байланысты еді. Барлық мәселе секундтар еншісінде болатын. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. Сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров құлдилап та, көтеріліп те үлгерді. Авиация тарихында бірінші рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырған қазақтың осы ерлігі Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.

2. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың құрметіне Талғат есімі берілген қазақтың екінші, әлемнің 309-ғарышкері де рекордшы атанған. Ол бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген.

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың аспан көгіне саяхаттауына Елбасы да үн қосты. «Тоқтар, халқымыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолымызда тұрған ғарыштық технологияның барлығы біраз уақыттан кейін ешкімге керексіз күйінде қалады. Ғарышқа халқың үшін ұш!»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тоқтар Әубәкіровтың сынақшы-ұшқыш болуына Кеңес Одағының Батыры А.Федотов үлкен әсер еткен

4,7(5 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ