Кеуде бір жерді жол қылсам,Шөлең бір жерді көл қылсам,Құрап жанды көп жиып,Өз алдына ел қылсам!..Тентегін түзеп байқа деп,Ішінен биді сайлатсам,Құлым бір ұлдай киінсе,Көркемін көрген сүйінсе...Пышақтан малым кетпесе,Қазаным оттан түспесе,Ауылдан топыр үзілмей,Ошақтың оты өшпесе!..Төскейде кеңес топтанып,Жақсылар үйде баптанып,Нокерлер жүрсе сап түзеп,Қос-қосымен шаттанып,– деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз.
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.[2] Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.