М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ROUSWOOD
ROUSWOOD
03.02.2023 09:07 •  Қазақ тiлi

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық адам ұзап шыққан соң "мүсәпір" делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жолсапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қона қ етіп күтсе, байлық пен ырыс келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырысына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғат пен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.

№1- тапсырма. Мәтінге ат қой.
[ ]

№2-тапсырма. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр.[ ]_ [ ]

№3-тапсырма. Сөз құрамына талда. Разберите по составу.

Ата- бабаларымызды- [ ]

№4-тапсырма. Мәтіннен" жолдас "сөзінің синонимін сөзді тап. [ ]

№5-тапсырма. Мәтіннен "оңай "сөзіне антоним сөз тап. [ ]

№6-тапсырма. Сөйлемді аяқта: Қазақ халқы жолаушыны.[ ]

👇
Ответ:
I3eTePo4eK265
I3eTePo4eK265
03.02.2023

нюха нюхай нюхай бебру бе бе бе беру

4,7(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Annakitte0
Annakitte0
03.02.2023
дауыс

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.

Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.

С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.
4,8(41 оценок)
Ответ:
Nasty2Tyan3
Nasty2Tyan3
03.02.2023
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 /бір мың сегіз жүз тоқсан үшінші / жылы Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған Әкесі Әубакір /Шоқпыт / кедей момын шаруа адамы екен. Жастайынан анасынан айырылған Сұлтанмахмұтты алып Баянауыл аудандағы Торайғыр ауылына көшіп келеді.Бала Махмұт ауыл молдаларынан оқып.хат таниды.Кейін 1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп ,одан 2-3 жыл сабақ алады.Жаңаша оқыған Нұрғали Бекбауов  деген мұғалімнің көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ ,татар тілдерінде шыққан әдебі кітаптарды, газет ,журналдарды оқуға дағдыланады..Сұлтанмахмұт Торайғыров -қазақ ақыны,қазақ әдебиетінің асыл қазынасы.Ақын -ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болған.
4,4(16 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ