М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lyubimova84
lyubimova84
21.12.2020 08:04 •  Қазақ тiлi

《Киім стилі адамның жасына байланысты》 тақырыбына ойтолғау жаз​

👇
Ответ:
ilya494
ilya494
21.12.2020

Жас ұлғайған сайын әйелдер қауымының киімге ғана емес, өмірге де кзқарасы өзгере береді. Өмірдегі бағалы дүниелер мен қадірлейтін қасиеттерді түсіне бастайды. Сәннің артынан қууы да басылады. Тіпті 30-дан асқан кейбір әйелдер талғамсыз киіне бастайды екен.

4,7(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Artemmundryl
Artemmundryl
21.12.2020

Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…

Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.  Ұстаз  болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты.  Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін а ң өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда  ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал  мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.

Осыдан он жыл бұрынең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Бота Диханбаевна. Ол кісі- менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Оның жайдары  күлімдеген көздерін үйде күнде көріп үйренгендіктен бе, біраз уақытқа дейін тентектеу болып өстім. Әліппені жаттатпай ұйқы бермейтін. Бұған өте қатты ашуланып, төрт қабырғаның төрт бұрышында да тұрып шыққан да кездерім болды. Қазіргі күнде алғашқы ұстазыма дән ризамын. Өйткені мен алғашқы ұстазымнан білім жолының таза, тура, әділ жол екендігін ұқтым.Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді  үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстазым.

Бастауыш сыныпта жылап оқыған әліппем, бүгінгі күні маған «Әдебиет» деген үлкен әлемнің есігін ашты. Осы үлкен есікке барар жолды ұстазым Айгүл Мухсинқызынан тапқан болдым. Айгүл Мұхсинқызы-оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынас үйлесімділік құрған ұстаз. Алғашқы күннен бастап сабаққа деген қызығушылығым оянған болатын. Айгүл мұғалім-өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес.Ол кісі — алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан.Сынып жұмысынан тыс тапсырмалар беріп, шығармашылығымызды шыңдатады.  Ұстазымның келбетінен өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін бірден түсінуге болады.

     Әр оқушының  пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі.  Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса,  ол сабақтың қаншалықты қызық болғанымен де баланың оны білуіне құлқы болмайды, сабақты оқығысы да келмейді. Мұғалімдер өз елінің  жас болашағына тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді.  

…Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.

4,4(99 оценок)
Ответ:
Nika7854
Nika7854
21.12.2020
Бiр досым бар - менi сөгіп, күндейдi,
Бiр досым бар - менi сырттай жөндейдi.
Бiр досым бар - ештеңеден тайсалмай,
Емiн жарқын, аман-есен жүр дейдi.

Бiр досым бар - ылғи менi сөгедi,
Бiр досым бар - зарын маған төгедi.
Бiр досым бар - ылғи менi қоргаштап,
Бiр мен үшін қажет болса өледi.

Бiр досым бар - сырын маған айтады,
Бiр досым бар - сөзi маған батады.
Бiр досым бар - оның берген кеңесi,
Көңiлiмнен әркез шығып жатады.

Бiр досым бар - есiмiмдi мақтаған,
Бiр досым бар - дос болса да жат маған.
Бiр досым бар - көтеретiн көңiлiмдi,
Соны көрсем қуаныштан шаттанам.

Бiр досым бар - үмiтiмдi жалғайтын,
Бiр досым бар - сәлемiмдi алмайтын.
Бiр досым бар - бiлсең айтшы дегенде
Бiлсе-дағы бiлмеймiн деп алдайтын.

Бiр досым бар - қиындықтан қашпайды,
Бiр досым бар - барсам есiк ашпайды.
Бiр досым бар - қолда барын ұсынып,
Мерейiмдi бiр өсiрiп тастайды.

Бiр досым бар - тату-тәттi бәрiмен,
Бiр досым бар - жүршi дейдi әрiмен.
Бiр досым бар - ақыл қосар әр кезде
Дос дегенiң жақсы екен ғой бәрiнен!
4,4(6 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ