қазақтың ұлы ақыны философы әрі композиторы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы тұнғыш классигіміз - Абай Құнанбайұлы. Абай өлеңді өте ерте он екі жасынан бастап жазады. Бірақ сол алғашқы өлендерді басқа кісілердің атымен жұртшылыққа тараған Абай тек қырық жасқа келгенде ғана өзі қол қоя бастаған. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Абай ақын ғана емес, срнымен қатар бірге музыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген адам. Абайдың "Қара Сөздері" 1890-1898 жылдар аралығында жазылған. Жалпы саны 46 бөлік шығармалары.Абай өлендерінде жастарды өз халқын сүюге, оқу-білімді иегеруге, өмірдің мағынасын терең түсіне білуге шақырады
Уақыт өтіп жатыр, жаңа заман, заманына қарай жастардың да дүниетанымы өзгерген. Соған орай, қазіргі технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның ішінде қазақ тілін оқытып-үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек, бұл қазіргі уақытта көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Білім мекемелерінде оқытылатын пəндер арасында қазақ тілі пəнінен алатын орны ерекше. Қазақ тілі өте бай тіл. Дегенмен де, бір жағынан, өте күрделі тіл. Себебі бір сөзінің өзі сан алуан мағынаны білдіруі мүмкін. Өзге ұлт өкілдерін оқыту барысында ұстаздың оқушыларға осыны түсіндіруде көп қиындықтарға тап болатындығы анық. Қазіргі таңда оқу мекемелерінде қазақ тілін оқыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Оқыту əдістерінде əр түрлі жаңа технологиялардың пайдаланылып жатқаны белгілі. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар сауатты жаза білуге баулу болып табылады. Сол себептен барлық ұстаздар білім берудің жаңа тəсілдерін білуге міндетті. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын басты ақпараттық технологиялар интерактивтік тақта, теледидар, электронды оқулықтар болып табылады