М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alenaalefirova
alenaalefirova
09.02.2022 00:42 •  Қазақ тiлi

.Түрік қағанатының құрылған жылы. а/ 542 жылы ә/ 552 жылы б/ 545 жылы в/ 552 жылы г/ 563 жылы
2.Түрік қағанатының ыдыраған жылы.
а/ 552 жылы ә/ 545 жылы б/ 563 жылы в/ 581 жылы г/ 603 жылы
3.Батыс Түрік қағанатының қалыптасқан жылы.
а/ 553 жылы ә/ 603 жылы б/ 545 жылы в/ 553 жылы г/ 536 жылы
4.Батыс Тұрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті.
а/ Үшдік ә/ Шегу б/ Тон в/ Ешбар Елтеріс г/ Тардуш /Дато/
5.Түрік қоғамында «тат» деп кімді айтқан
а/ жоғары билеушіні ә/ ақсүйектерді б/ қалың бұқараны в/ құлды г/ әскерилерді
6.Түргеш қағанатының құрылған жылы.
а/ 741 жыл ә/ 704 жыл б/ 756 жыл в/ 751 жыл г/ 749 жыл
7.Соғдылардың Жетісуға қоныс аударған кезеңі.
а/ II-IV ғғ ә/ VI-VIII ғғ б/ IX-XII ғғ в/ XI-XIII ғғ г/ V-VII ғғ
8.Қимақтар табынды:
а/ Жылқы малына ә/Тәңірге, ата- бабаға б/ Ханға в/ Аңдарға г/ Өрнектерге
9.Қарлұқ қағанатының құрылған жылы.
а/ 751 жылы ә/ 749 жылы б/ 753 жылы в/ 756 жылы г/ 940 жылы
10.840 жылы Қарлұқтар Енисей қырғыздарының қолдауымен қай қағанатты құлатты?
а/ Түргеш ә/ Түрік б/ Ұйғыр в/ Батыс Түрік г/ Оғыз
11.Қарлұқ қағанатының орталығы.
а/ Шаш ә/ Суяб б/ Тараз в/ Испиджаб г/ Баласағұн
12.Ежелгі түріктердің наным-сенімі.
а/ отқа табыну ә/ табиғаттың тылысым күштеріне сыйыну б/ қасиетті орындарды құдрет тұту
в/ жануарлар мен аң-құстарды киелі санау г/ пұтқа мінәжат ету
13.Оғыз мемлекетінің орталығы қай қала.
а/ Қарнақ ә/ Суяб б/ Янгикент /Жаңа Грузия/ в/ Испиджаб г/ Сүткент
14.Оғыздарда жоғары билеуші қалай аталды.
а/ күл-еркін ә/ атабек б/ инал в/ жабғу г/ сюбашы
15. Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы әскери одақ құрған.
а/ 985 жылы ә/ 965 жылы б/ 1041 жылы в/ 988 жылы г/ 764 жылы
16.Қимақ тайпасының басшысы.
а/ Жабғу ә/ Шад- түтік б/ Хан в/ Шах г/ Имек байғу

17.Атлах шайқасы қай елдер арасында болды
а/ Араб- Қытай ә/ Орыс- Үнді б/ Соғды- Түрік в/ Орыс- Үйғыр г/ Ұйғыр- Соғды
18.Қимақтар қай ғасырда ислам дінін қабылдай бастаған.
а/ VI ғасырда ә/ Х ғасырда б/ ІХ ғасырда в/ VIII ғасырда г/ XVI ғасырда
19.Түріктердің әліпбиі /алфабит/…….. негізінде жасалған.
а/ ру-тайпаларының таңбалары ә/ соғды жазуы б/ қытай иероглифі в/ руна жазуы г/ сына жазуы
20.Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері.
/ «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары ә/ «Оғызнама» б/ «Қорқыт ата» в/ руна жазуы г/ соғды жазуы
көмектесіндерші берем

👇
Ответ:
ОляФомина
ОляФомина
09.02.2022

а1 б2 а3 б4 б5 г6 7а 8 а

4,6(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
apolo230kmn
apolo230kmn
09.02.2022
Мен музыканы сүйемін. Көбіне Шәмші Қалдаяқовтың әндерін тыңдаймын. Бұл маған ата-анамнан берілген. Олар бұл композитордың әнін қатты құрметтейді. Бұл кісінің барлық әндері адам жүрегіне жол табады. Қанша уақыт өтсе де ескірмейтін әдемі әндер. Жиырмасыншы ғасырдың атақты композиторы. Осы кісінің әдемі әндеріндей, нағыз шыншыл музыка ғана адам жүрегіне жол табады. Қазіргі өнер адамдары да осыны ескеруі керек. Шәмші атамыздың махаббат туралы, табиғат туралы, Отан туралы әндері әуені неткен әсем әсерлі. Тек сұлу ән ғана адам жүрегіне осындай мәңгілік орын ала алады. Осы кісінің тек сұлу әндерінің әсерінен менің музыкаға деген махаббатым оянды. Мен көптеген әдемі әндерін жатқа білемін. Менен ата-анам әрдайым Шәмші атаңнын әндерін айтшы деп өтінеді. Мен де сол кісідей шыншыл адам жүрегіне жол табатын музыка, әдемі әндер жазғым келеді.
4,6(71 оценок)
Ответ:
00Алекс00
00Алекс00
09.02.2022
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқанметафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. ҚазақЖұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс Куманикусте” көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы, табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің “Түрік тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі. Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б. данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң, қан орнына су ағар” – қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салад” – есек) қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады. Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат деген немене?”), мақал-мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық”) жанасымды.
Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.
Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған.
4,5(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ