Менің орныққан күн тәртібім бар. Барлық көздеген шаруамды істеп үлгеру үшін мен күн тәртібімді бұзбауға тырысамын. Сонымен менің қысқаша күн тәртібіме тоқтала кетсек. Мен күнделікті сағат жетіде тұрамын. Тұрғаннан соң, бірден төсегімді жинап, беті - қолымды жуамын. Содан соң ата - анаммен таңғы ас ішемін де, киінемін. Киініп болған соң, шашымды тарап, сырт киімімді киіп, мектепке кетемін. Мектеп үйдің жанында болғандықтан, мектепке жаяу барамын. Сағат сегізде сабақ басталады. Күнделікті жеті сабақ оқимыз. Сағат бір жарымда сабақ аяқталып, үйге қайтамын. Үйге келгеннен кейін, киімімді ауыстырып, қол жуып, түскі ас ішемін. Одан кейін ас үйді жинастырып, сабақ оқуға кірісемін. Сабақ оқуға шамамен екі сағаттай уақытым кетеді. Одан кейін інімді балабақшадан алып келіп, кешке ас әзірлеуге кірісемін. Ата - анам жұмыстан келген соң, бәріміз бірге кешке ас ішеміз. Содан соң, анама ас үйді жинауға көмектесіп, одан кейінгі бос уақытымды өз қалауымша өткіземін: не теледидар көремін, немесе кітап оқимын, болмаса әлеуметтік желіде отырамын. Сағат он бірде түнгі ұйқыға кетемін.
Ал демалыс күндері сәл өзгешелеу: Сабақтың орнына үйді жинастырып, атам мен әжеме барамыз. Айына бір рет ата - анаммен дүкенге барып, азық - түлік не болмаса басқа керек - жарақтарды аламыз.
Объяснение:
мен неше сөйлем екенің санамадым өзің қажеттілерің тандап ал
Қазақстан табиғаты туралы.
Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осынау кең байтақ ұлан ғайыр еліміздің табиғаты да алуан түрлі. Жылдың төрт мезгілі де ерекше сезіліп, қай аймақты алып қарасаң да жайнап тұрады. Мысалы, кей елдерде қыс болмай, балалар қар дегенді білмей жатса, біздің елімізде ондай мәселе жоқ. Қысымыз боранды күндерімен, сықырлаған аязымен, ақ ұлпа қалың қарымен ерекше. Ал көктем келісімен айналаның барлығы құлпыра түседі - қалың қар еріп, жасыл кілемге айналады. Сылдырап тау бұлақтары ағып, жан – жақтың барлығы жайқалған өсімдіктерге толады. Ал жаз мезгілі болса, балалардың демалысқа шығып, мәз – мейрам болып, жеміс – жидектің пісетін уақыты. Жаз мезгілі зымырап өтіп, артынша алтын күз де келіп жетеді.
Мәне, менің туған өлкемнің табиғаты осындай әсем, әрі көркем.
Негізгі менің миымдағы жоспарларым бойынша демалыс күндерім - менің өз-өзіммен, өзімнің шынайы қалауымдағы дүниелеріммен айналысуыма мүмкіндік беретін жалғыз уақыттар. Сондықтан да олар аптаның өзге күндерінен де тығыз, жылдам және суперактивно өтуге, "демалыс" деген атына қарамастан мені шаршатуға міңдетті еді. Мен Бұл екі күнде жасалатын жұмыстар менің болашағыма үлкен әсер ететіндігін, өз қызығушылықтарыммен айналысуға деген титтей мүмкіндіктер екендігін біле тұра барлығын керісінше жасаймын. Тіпті дәл қазіргі сәтте де мен бұл жайлы жексенбінің жартысын өткізіп алғаннан кейін ғана ойланып, өкініп осы постты жазып отырған жайым бар.