М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AleksandrKot
AleksandrKot
05.11.2021 22:09 •  Қазақ тiлi

1.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын тап. А) Ел арасына сыйлы В) Ұлттық ойын ойнайды
С) Ақылды сөз айтылды. Д) Жыл сайын толықты Е) Өмірдің мәнін түсінді.
2. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын тап.
А) Желмаяға міну В) Өмір үшін күресті С) Өмірдің мәнін түсінді
Д) Ашық аспан Е) Ғылымды игеру
3.Матасуды тап.
А) Төребек үйі В) Ашынған әйел С) Күн сайын күтті
Д) Жайын айтты Е) Өзі келді
4.Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті тап.
А) Шарықтап тұр. В) Балаға қара С) Оқушының жабдығы
Д) Тоқымы белбеу Е) Қызық кітап.
5.Қабысуды тап.
А) үйінің қасына жетті. В) Халықпен бірге жасайды
С) қара торы бала Д) дүниенің өзгерісі Е) қиыннан қиыстыру
6.Жанасуды тап.
А) жұп-жұқа бөліну В)ғалымдардың пікірі С) бірте-бірте ашылды.
Д) алма алдырыпты Е) ешкімге соқтықпау
7.Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
А) Тоғыз адам—қабысу В) Оқуға лайық—меңгеру С) кең бөлме—жанасу Д) Біздің Жамбыл—матасу Е) Хат жазу—меңгеру
8.Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу
9.Сөздердің жалғау арқылы байланысын тап.
А) Ерекше мінез В) Ол сұрасын С) Әзер жетті
Д) Әлді адам Е) Отан үшін аянба.
10.Интонация арқылы байланысты тап.
А) Өнер қуу В) Ақ қайың С) Өмірді сүю Д) Сенімді ақта Е) Бұл—жігіт
11.Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқы сыңармен ешбір қосымшасыз, қатаң орын тәртібі арқылы байланысуы
А) қабысу
В) жанасу
С) матасу
Д) меңгеру
Е) қиысу
12. Бағыныңқысы есімшеден болған сөз тіркесін табыңыз
А) адамның өмірі
В) таулы жер
С) киіз үй
Д) оқыған азамат
Е) өзенге шейін
13. Синтаксистік қатынас түрлерін көрсет
А) предикаттық, предикаттық емес
В) қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу
С) синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық
Д) номинативті, коммуникативті
Е) анықтауыштық, пысықтауыштық
14. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
А) жақсы маман
В) жақын танысу
С) сөз айту
Д) су жүрек
Е) бесатар
15. Жанама объектілік қатынастағы тіркестің бағыныңқы сыңарының тұлғасы
А) барыс, шығыс, жатыс, көмектес септігі
В) атау, көмектес септігі
С) табыс, барыс, шығыс септігі
Д) атау, ілік септігі
Е) барыс, табыс, көмектес септігі
16. Сөз тіркесі бола алмайтын қатарды көрсетіңіз
А) жолдың жиегінде отыр
В) таулы жер
С) білетін адам
Д) әңгіменің басы
Е) аяғына дейін
17. Матасу дегеніміз не?
А) ілік септік пен тәуелдік жалғау арқылы байланысуы
В) атау мен іліктен басқа септік формалары арқылы байланысуы
С) жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуы
Д) атау септік пен жіктік жалғау арқылы байланысуы
Е) қатаң орын тәртібі арқылы байланысуы
18. Жалпы тіркестің жіктелуі
А) еркін тіркес, түйдекті тіркес, тұрақты тіркес
В) фразеологиялық тіркес, атаулық тіркес
С) сөз, сөз тіркесі, сөйлем
Д) бағыныңқы, басыңқы
Е) идиома, фраза
19. Түйдекті тіркесті көрсетіңіз
А) үйге дейін
В) асыл бұйым
С) кітап оқу
Д) ақ тас
Е) оқу үшін келу
20. Объектілік қатынастағы тіркестер қандай байланыс амалы арқылы жасалады?
А) меңгеру
В) қабысу
С) матасу
Д) қиысу
Е) жанасу
21. Тура объектілік қатынастағы тіркес амалы
А) табыс септігі
В) ілік септігі
С) барыс септігі
Д) атау септігі
Е) жатыс септігі
22. Сөз тіркесі дегеніміз не?
А) толық мағыналы, кемінде екі сөздің өзара сабақтаса байланысуы
В) предикаттық қатынастағы тиянақты ойды білдіретін сөздер
С) салаласа байланысқан сөздер тізбегі
Д) бірыңғай мүшелердің байланысы
Е) бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы
23. Бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңардағы сөзбен атау мен іліктен басқа септік формаларымен байланысы
А) меңгеру
В) матасу
С) жанасу
Д) қабысу
Е) қиысу
24. Сөйлемге тән синтаксистік байланыс амалы
А) қиысу
В) қабысу
С) меңгеру
Д) жанасу
Е) матасу
25. Пысықтауыштық қатынастағы тіркес қандай байланыс амалдары арқылы жасалады?
А) меңгеру, жанасу
В) қиысу, қабысу
С) меңгеру, матасу
Д) жанасу, қабысу
Е) қабысу, матасу

👇
Ответ:
tanya1502
tanya1502
05.11.2021

ДАЛШЕ НЕ ЗНАЮ

4,4(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Юлька9062804
Юлька9062804
05.11.2021

Наурыз көже

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.

Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.

Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.

Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.

Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.

Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.

Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.

4,4(11 оценок)
Ответ:
Инав
Инав
05.11.2021
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отанда а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отанүшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой.Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. 
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. 
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда. 
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным» 
Қазақстан менің елім, аңсағаным 
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. 
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, 
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын. 
Отаным – Қазақстан туған елім, 
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. 
Өсе бер өркендей бер, Елім менің, 
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

 
4,5(60 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ