Арал тағдыры.
Менің ойымша, Бүгінгі таңда Арал теңізінің көзден ғайып болып бара жатқан мәселесі ешкімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан теңіздің арнасы мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналған.
Мен оны былай түсінемін: Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі.
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Сол ғылыми жұмыстар бойынша Арал теңізінің мәселесін қолға алып, үкімет біршама шаралар ұйымдастырып, мәселені тұрақтандыру керек деп ойлаймын. Себебі Аралдың біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.
Дүниедегі ең асыл адам, ең жақын адам, ең қамқор да жанашыр адам - ана. Ана туралы қай ақын қалам тербемеген?! Ана туралы кім сыр шертпеген?!
Менің де анам бар. Мені жарық дүниеге әкеліп, маған өмір сыйлаған. Өмірімнің әр жауапты сәттерінде бірге болған менің жан анашым. Қолымнан ұстап ең алғаш рет мектеп табалдырығын аттатқан – анам. Мектептегі жетістіктеріме қуанған, сәтсіздіктеріме налыған, менен сенімін үзбеген – анам. Алтын ұя мектепті бітіргенімде кеудесіндегі жүрегі менімен бірге лүпілдеп, менімен бірге қобалжыған – анам.
Каладағы оқу орнына да ертіп барып, демеу болған , қаланы аралатып көрсеткен – анам. Студенттік өмірімде ауылдан сәлемдеме жіберіп, ала дорба сүйреткен- анам. Өзімді ешкімнен кем қылмаған, біреуден қарыз алып, ақша салған- анам.
Кейбір кездері анам мені құрбыларыммен кешкілік жібермейтін. Оған мен өкпелеп, жылаған кездерім де болды. Ана жүрегі қашанда қызын ойлайды екен ғой. Жаман сөзге ермесе екен, бізді ұятқа қалдырмаса екен. Анашым осының бәрін түсіндім. Сізге алғысым шексіз.
Міне, өз қолым өз аузыма жететін күнге де Алла тағала жеткізді. Тұрмысқа шықтым.Өзім де ана болдым. Бірақ анашым үшін әлі де кішкентай баламын. Әлі күнге дейін күніне бір рет даусымды естімесе анашымның көңілі көншімейді. Қиын сәтте анашым қашанда менің қасымнан табылып, ақылын қосады, көмегін аямайды.
Жан анам менің , маған өмір сыйлағаныңызға шексіз ризамын! Бақытты да , қызықты өткен балалық шағымның болғаны әкем екеуіңіздің арқасында. Анашым мен сізді бар жүрегіммен жақсы көремін.Жан әкем сізді де жақсы көрем. Алла тағала дендеріңізге саулық беріп, ұзақ өмірді нәсіп етсін. Қайда жүрсеңіз де аман сау жүріңдерші!
Объяснение: