Қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Ол үшін кәсіби біліктілігімізді көтеріп, жаңалықтарға назар аударып отыруымыз керек. Жаңартылған білім мазмұнының белсенді әдістерін игеріп, сабақ беруде оны ықпалдастырудың өзі менің тәжірибемдегі үлкен жаңалық болып табылады.Жаңартылған білім мазмұнынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.Бағдарламаның ерекшелігі-білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным үрдістерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.
Осыдан келіп мұғалімнің жұмысында және оқу үдерісінің құрылымында өзгерістер болды.Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде мұғалімнің жұмысы мынадай жүйеде құрылады:
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Объяснение: