жиктик септик к0птик
мен адаммын, сатушымын а.с. адам, сатушы адамдар, сатушылар
сен адамсың, сатушысың і.с. адамның, сатушының
сіз адамсыз, сатушысыз б.с. адамға, сатушыға
ол адам, сатушы т.с. адамды, сатушыны
ж.с адамда, сатушыда
ш.с. адамнан, сатушыдан
к.с. адаммен, сатушымен
Жаз мезгіліндегі жайлаудағы демалыс.
Жазды күні мен ата-әжеммен бірге жайлауға көштім. Жаңадан қоныстанған жерге киіз үй тігуге көмектестім. Атам маған атқа мінуді үйретті. Кейін атама қой бағуға қолғабыс жасадым. Күннің ыстық болғаны соншалық, оған шыдамай өзенге шомылдым. Кешке таман қойды айдап әкелген соң, әжем мол дастарқан жайды. Дастарқан басында әңгіме-дүкен құрып сөйлестік.Самаурыннан шәй ішудің өзі керемет сезім береді. Мен самаурын қайнатуды үйрендім. Үйге қайтар жолда, мен көкте самғап бара жатқан аққуларды көрдім. Олардың бір ретпен ұшқаны соншалық жүрек бейнесін көрсеткендей болды.